24
Сәрсенбі,
Сәуір

һижри

Дәрет алғанда арнайы дұға оқу керек пе?

Дәрет алғанда арнайы дұға оқу керек пе?

Ислам тарихы

Негізінде дәрет алған кезде айтылатын дұғалар хадисте жоқ. Сәләфи ғалымдарынан бізге жеткен бұл дұғалардың оқылуын Ханафи мен Мәликилер мұстахап санаған.

1. Дәрет алған кезде «Ә’узу» мен «Бисмиллаһ» деп мына дұға оқылады:

Оқылуы: «Әл-хамду лил-ләһилләзи жә’алал-маә тәһурән уә жа’әләл-исламә нура».

Мағынасы: «Суды тазартушы, Исламды нұр еткен Алла Тағалаға шүкір».

 

2. Ауызға су алғанда:

Оқылуы: «Аллаһуммас-қини мин хауди нәбиикә кә’сән ләә әдмәу бә’дәһу әбәдә».

Мағынасы: «Аллам! Маған пайғамбарыңның хауызынан бір кесе су ішкіз. Сөйтіп мәңгі бақи шөлдемейтін болайын».

 

3. Мұрынға су тартқанда:

Оқылуы: «Аллаһумма ләә тахримни раайх та найймика уә жәннәтик».

Мағынасы: «Аллам! Мені нығметтерің мен жәннаттарыңның хош исінен мақұрым етпе».

 

4. Жүзін жуғанда:

Оқылуы: «Аллаһумма бәййд уәжһи бинурикә иаумә тәбиәдду ужуһун уә тәсуәдду ужуһ».

Мағынасы: «Аллам! Кейбір жүздердің ағарып, кейбір жүздердің де қараятын күні менің жүзімді жарқын ет!».

 

5. Оң қолын жуғанда:

Оқылуы: «Аллаһумма а’тини китәби бииәмини уә хасибни хисабан иәсирә».

Мағынасы: «Аллам! Маған кітабымды оң жағымнан бер және беретін есебімді жеңілдет!».

 

6. Сол қолын жуғанда:

Оқылуы: «Аллаһумма ләә ту’ти китаби бишимәәли уә ләә мин уәрәәи заһри уә ләә тухаасибни хисәбән шәдидә».

Мағынасы: «Аллам! Маған кітабымды солымнан да, арқа жағымнан да берме. Мені ауыр есепке тартпа».

 

7. Басқа мәсіх еткенде:

Оқылуы: «Аллаһумма ғашшини бирахмәтикә уә анзил а’лаййа мин бәрәкатик».

Мағынасы: «Аллам! Мені рақымыңа бөлеп, берекетіңді жаудыр».

 

8. Құлақты мәсіх еткенде:

Оқылуы: «Аллаһуммаж’ални минәлләзинә иәстами’унәл-қаулә фә иәттәби’унә әхсәнә».

Мағынасы: «Аллам! Мені хақ сөзді естіп, ең ізгі жолмен жүрушілерден ет!»

 

9. Мойнын мәсіх еткенде:

Оқылуы: «Аллаһумма а’тиқ рақабәти минән-нәр».

Мағынасы: «Аллам! Денемді жаһаннам отынан азат ет!».

 

10. Аяқты жуғанда:

Оқылуы: «Аллаһумма сәббит қадамайиә ‘алассирати иаумә тәзиллу фиһил-ақдам».

Мағынасы: «Аллам! Аяқтардың таятын күні екі аяғымды тура жолда мығым ет!».

материал «Ислам ғылымхалы» кітабынан алынды,

ummet.kz

Бөлісу: