19
Жұма,
Сәуір

һижри

Алла мен Пайғамбарға (с.ғ.с) мойынсұнғандарды не күтіп тұр?

Алла мен Пайғамбарға (с.ғ.с) мойынсұнғандарды не күтіп тұр?

Ислам тарихы

«(Оларға): Аллаға бойсұныңдар, пайғамбарға да бойсұныңдар. Егер бағынудан бас тартсаңдар, біліп қойыңдар, пайғамбар өз міндетіне, ал сен- дер өз міндеттеріңе жауаптысыңдар. Ал, егер оған бағынсаңдар, тура жолды табасыңдар. Ал, пайғамбардың міндеті – Алланың дінін айқын түрде толық жеткізу ғана – деп айт».

Алла сендердің іштеріңнен иман келтіріп, ізгілік жасағандарды, бұрынғылардан (мүміндерді кәпірлерден) үстем қылғанындай оларды да жер бетінде үстем қылатынына қатысты уәде береді. Сондай-ақ, оларға Өзінің ризалығын білдірген және солар үшін таңдаған Ислам дінін толық әрі бекем ұстануға мүмкіндік пен күш-қуат беретініне және бойларын билеген үрейді сейілтіп, оның орнына жан тыныштығына бөлейтініне қатысты уәде береді. Сонда олар Маған ғана құлшылық етіп, еш нәрсені Маған серік қоспайтын болады. Ал бұдан кейін кімде-кім (осыншама нығметті елемей) күпірлікке бой алдырса, нағыз жолдан тайған күнәһарлар солар болмақ. Намазды (барлық шарттарын орындап) толық оқыңдар, зекетті толық беріңдер, Алланың елшісіне бағыныңдар. Сонда, Алланың шексіз рақымына бөленерсіңдер» («Нұр», 24/54-56).

«Алла пен елшісіне бойсұныңдар, сонда мейірімге бөленесіңдер» («Әли Имран», 3/132).

«Ей, иман еткендер! Аллаға қарсы келуден сақтаныңдар! Айтқан сөздерің әрдайым дұрыс әрі орынды болсын, сонда Алла Тағала істеріңді оңғарып, күнәларыңды кешіреді. Кімде-кім Алла мен Елшісіне бойсұнса, мол бақыт пен жетістікке қол жеткізеді» («Ахзап», 33/70-71).

«Кімде-кім Алла пен елшісіне лайықты түрде бойсұнса, міне, солар Алланың шексіз нығметіне бөленген пайғамбарлар, шыншылдар, шейіттер және игілермен бірге болады. Олар қандай жақсы жолдастар! Бұл – Алланың берген ең үлкен жақсылығы.

Оған лайықтыларды және олардың қадір-қасиетін Алланың білуі жеткілікті» («Ниса», 4/69-70).
«Міне, бұлар – Алланың қойған шектеулері. Кімде-кім Алла пен елшісіне бойсұнып (белгіленген шекараның шеңберінен шықпаса), Алла оны мәңгілікке (бауларының ішінен және зәулім сарайларының түбінен) өзендер ағатын жұмақ бақшаларына кіргізеді. Міне, бұл – ең үлкен жетістік». («Ниса», 4/13)

«(Ей, расулым оларға): «Егер шынымен Алланы сүйсеңдер, маған еріңдер, сонда Алла Тағала да сен- дерді жақсы көріп, күнәларыңды кешіреді. Алла өте кешірімді және (мүміндерге) ерекше мейірімді – деп айт» («Әли Имран», 3/31).

«Шынында, Алла Елшісінің тұла бойында сен- дер үшін, Алланы және ақырет күнін өмірінің басты мақсаты еткендер, сондай-ақ, Алланы жиі еске алғандар үшін тамаша өнеге бар» («Ахзап», 33/21).

«Ей, адамдар! Мен баршаңа Алла тарапынан жіберілген пайғамбармын. Көктер мен жердің иелігі Соған тән. Басқа ешбір тәңір жоқ. Ол – өмірді де, өлімді де беруші. Ендеше, Алла пен елшісіне иман келтіріңдер. Аллаға және сөздеріне (Кітаптарына) толық иман еткен, хат танымайтын Пайғамбарға кәміл сеніп, тура жолды табуларың үшін Оның соңынан еріңдер – деп айт» («Ағраф», 7/158).

Әнәстің (р.а.) жеткізуі бойынша, Расулалла (с.ғ.с) былай деген: «Кімде-кім менен кейін менің сүннетімді орындаса, мені жақсы көргені деп біліңіздер. Мені жақсы көрген адам (ақыретте) менімен бірге».

«Сүннетімді нық ұстанған адам жұмаққа барады».

«Кімде-кім үмбетім азғындаған кезде, менің сүннетімді орындаса, жүз шейіттің сауабын алады».

«Кімде-кім сүннетімді орындаса, мені жақсы көрген болып саналады, мені жақсы көрген адаммен жұмақта бірге боламын».

«Үмбет түсінбеушілікке бой алдырып, бір-бірі- мен ортақ мәмілеге келе алмаған кезде, Пайғамбардың сүннетін ұстану алақанымен шоқ ұстаған адамның жағдайымен бірдей».

материал «Сахабалар салған сара жол» кітабынан алынды,

ummet.kz

Бөлісу: