28
Бейсенбі,
Наурыз

һижри

Әбу Бәкірдің (р.а) демі үзілер алдында айтқан өсиеті

Әбу Бәкірдің (р.а) демі үзілер алдында айтқан өсиеті

Ислам тарихы

Абдуррахман ибн Сабит айтады:

«Әбу Бәкір (р.а.) қайтыс боларында Омарды (р.а.) шақырып, оған мынадай өсиет айтады: «Ей, Омар! Алладан қорық! Мынаны біл, Алла қалаған істің өз орны, өз уақыты бар, күндіз атқарылатын, бірақ түнде орындалғаны қабыл болмайтын істерін айтуға болады. Адам парыздарын толық орындамаса, нәпіл ғибадаттар қабылданбайды. Қиямет күні таразыда кейбір адамдардың сауабы ауыр тартса, бұл – оның дүниеде Аллаға басы бүтін мойынсұнғаны.

Ақиқат салынған таразының ақыретте ауыр басатыны айқын. Қиямет күні таразыда кейбір адамдардың сауабының жеңіл болу себебі – олардың бұл дүниеде қате жолға түсуінен. Есептен қателік кетсе, таразының ертең жеңіл тартатыны белгілі. Алла Тағала жұмақтықтарды ескерерде оларды ең ізгі істерімен еске алады. Олардың жаман әрекеттеріне қарамайды. Мен жұмақтағылар туралы ойланғанда, «Оларға қосыла алмаймын ба?» деп қорқамын. Хақ Тағала тозақтықтарды ең жаман істерімен еске алады, олардың жақсы әрекеттерін беттеріне ұруда. Олардың жағдайын ойлаған кезде, «Солардың қатарында кетіп қалмаймын ба, мен мұндар» деп жаным түршігіп, аза бойым қаза болады».

Риуаятшылар айтады: «Әбу Бәкір кейін Құран кәрімнен көптеген рақымдылық және азап аяттарын оқиды да, былай дейді: «Ей, Омар! Мүмін құл үміт пен үрейдің арасында болуы керек. Алладан тек жақсылыққа бастайтын ізгілікті тілеуі керек, Алланың рақымынан үмітін үзбеуі тиіс. Әркім өзін қатерге итермелемеуі керек. Ей, Омар, егер өсиетімді берік ұстанатын болсаң, өлімді қуана-қуана қарсы аласың. Ал, өсиетіме немқұрайды қарасаң, өлімнен асқан сұмдықты таппайсың. Ал өлімнен қашып құтылу мүмкін емес!»

материал «Сахабалар салған сара жол» кітабынан алынды,

ummet.kz

 

Бөлісу: