25
Бейсенбі,
Сәуір

һижри

Мұғжиза деп нені түсінеміз?

Мұғжиза деп нені түсінеміз?

Ислам тарихы

Құранды арнайы ережелерді сақтай отырып оқу − Алла Тағала бекіткен, Пайғамбарымызға әмір еткен іс.

Бұған Құрандағы мына аят дәлел: «...Құранды тәртіппен (өлшеммен) оқы». Тәртіппен оқу − мағынасына ой жүгіртуді, әріптерді дұрыс айтуды, созатын, жуан, жіңішке, ашық, анық оқылатын жерлерге көңіл бөлу, арнайы ережелерді сақтай отырып оқу дегенді білдіреді. Бұл арнайы ережелермен оқу тәжуид қағидалары арқылы жүзеге асады. Тәжуидқағидалары Пайғамбарымыздың тәуәтур жолымен әрі сахих хадистермен жеткен оқу тәсілінен алынған. Сол хадистердің бірінде Әнас ибн Мәлик былай деген: Одан «Пайғамбарымыздың Құран оқуы қандай еді?», − деп сұрағанда: «Ол созып оқитын деп Бисмилләәһиррахмәәниррахиимді созып оқыды. Бисмил-ләәһи – деп созды, Аррахмәәнды созды және Аррахиимды созды».

Негізінде дәл Пайғамбарымыздың оқу тәсілі ауызекі оқу арқылы жеткен. Яғни, бір-біріне ауызша оқып үйрететін болған. Ал Пайғамбарымыз оқу тәсілін Жәбірейіл періштеден үйренген, үйренгенін сахабаларға үйреткен. Осылайша Құранды оқу тәсілі Жәбірейіл періштеден Пайғамбарымызға, Пайғамбарымыздан сахабаларға,сахабалардан табиғиндерге, табиғиндерден тәжуид ілім болып қалыптасқанға дейін ауызекі беріліп келген. Мысалы, Пайғамбарымыздың сахабаларға үйреткен-дігін турасында мына хадистен байқаймыз: Пайғамбарымыз Абдуллаһ ибн Масғудтың намазда Құран оқығанын естіп: «Кімде – кімді Құран түскеніндей оқылуы қуандыратын болса, ибн Умми Абдтың (Абдуллаһ ибн Масғуд) қырағатымен (оқу тәсілімен) оқысын». Яғни, Абдулла ибн Масғудтың Құран қалай түссе, дәл солай оқығандығы айтылады. Пайғамбарымыз (с.ғ.с) Құран оқуды жетік меңгерген бір топ сахабаларды ерекше атаған. Құранды солардан үйрену керектігін табыстаған. Олар: Убәй ибн Кәғб, Абдуллаһ ибн Масғуд, Зәйд ибн Сәбит, Әбу Муса ал – Ашғари, Осман ибн Әффән, Али ибн Әби Талиб, Әбу Дәрдә, Муғаз ибн Жәбәл т. б. сахабалар. Пайғамбарымыз (саллаллаһу аләйһи уә сәлләм) бір хадисінде: «Құранды төрт кісіден үйреніңіздер: Абдуллаһ ибн Масғудтан, Сәлимнен, Муғаздан және Убәй ибн Кәғбтан» деген (Бухари).

Жоғарыдағы хадистерден сахабалардың Құранды Пайғамбарымыздан ауызекі үйреніп, арнайы ережелермен оқығанын көреміз. Міне, осы оқу тәсілі сахабалардан кейінгі дәуірлерде «Тәжуид» деп атала бастады. Тәжуид сөзі араб тілінде − көркемдеу, әдемілеу дегенді білдіреді. Терминдік мағынасы – Құран аяттарының әрбір әрібін дұрыс айтып, өзінің бекітілген арнайы ережелерімен оқу. Жоғарыда айтып өткеніміздей, Пайғамбарымыз бен сахабалардың кезінде бұл ережелер «Тәжуид» деп аталмаған. Тәжуид деп аталуы табиғиндарды көрген кісілер дәуірінде басталады. Алғашқы тәжуид ілімін қалыптастырған, ережелерді жинақтап, оларға ат берген кісі − Әбу әл-Әсуәд әд-Дуәли болғандығы айтылады. Кейбір ғалымдар әл-Халил ибн Ахмад әл-Фарахиди мен Әбу Убәйд әл-Қасим ибн Сәләм болған дейді. Тәжуидтің ілім болып қалыптасуына Ислам дінінің әлемге таралуы, көптеген елдердің, халықтардың Ислам дінін қабылдауы да себеп болған. Исламды қабылдаған ұлты араб еместердің саны көбейген. Араб тілі өзге тілдермен ассимиляцияға ұшыраған. Мұсылман басшылар Құранның тазалығын сақтап қалу мақсатында тәжуидті ілім ретінде қалыптастыруды жөн көрген. Қысқаша алғанда, тәжуид ілімінің тарихын осылай түйіндеуге болады.

материал «Иман негіздері» кітабынан алынды,

ummet.kz

Бөлісу: