19
Жұма,
Сәуір

һижри

Алла Тағаланың адам сүйектерін, буындарын жарату құдіреті

Алла Тағаланың адам сүйектерін, буындарын жарату құдіреті

Ислам тарихы

Алла Тағала адамды өте көркем етіп жаратқан, оның денесінің бөліктері мен буындарын ең жоғары дәрежеде жетілдіріп, жүйелендірген және аса Құдіретті Жаратушы Алла Тағаланың белгілерін танып-білуі үшін адамнан өз жаны мен тәнінің терең түкпіріне назар аударуын және сезімдері мен сүйектерінің нәзік те шебер түзілгеніне, сондай-ақ денесінің жасушалары мен қанының құрамы туралы ойлануын талап етті.

Алла Тағала: «Оның (Құранның) бұлтартпас ақиқат екендігі айқындалғанға дейін әлемдегі және өздеріндегі белгілерімізді таяуда көрсетеміз»; «Сондай-ақ өздеріңде де (аят-белгілер) бар. Көрмейсіңдер ме?» – деді. Бұл хадисте Пайғамбарымыз (с.а.с.) мінсіз тәртіппен түзілген, сұлу және түрлі қимылдар жасауға қабілетті әрі икемді буындар туралы атап көрсетеді. Сондықтан да аса Құдіретті де Ұлы Алла әрбір қасарысқандар мен қарсы келушілерді бұл қабілеттен айырып қоятынын айтып қорқытады: «Әрине, оны саусақтарының ұшына дейін қайта жасай аламыз». Яғни аяқ-қолының саусақтарын түйенің табаны мен есектің тұяғы іспетті біртұтас етіп қойса, адам баласы ажыратылған саусақтары арқылы бұрын не істеуге қабілетті болса, сол қабілетінен айрылар еді.

Міне, бұл айтылған мәселе Батыс елдеріндегі протез жасайтын фабрикада жұмыс істейтін инженердің Алла Тағаланың құдіретіне иман келтіріп, хақ дінді қабылдауына, Алла Тағаланың ақиқат екеніне сенуіне себепші болған. Ол өзінің сәби қызының қолының құрылымына бір күні назар аударады да, Алла Тағаланың жаратқанын протез жасау өндірісіндегі жаңа жетістіктермен салыстырып, олардың арасындағы өте үлкен айырмашылықты көріп, Алла жолына түседі.

материал «Имам ән-Нәуәуи таңдаған қырық хадис шархы» кітабынан алынды,

ummet.kz

Бөлісу: