19
Сейсенбі,
Наурыз

һижри

Зікірдің ең жақсысы – Алла Тағаланың Кітабын оқу

Зікірдің ең жақсысы – Алла Тағаланың Кітабын оқу

Ислам тарихы

Аса Құдіретті Алланы зікір етудің ең жақсысы – таңдаулы Пайғамбарға (с.а.с.) түсірілген Оның сөздерін қайталау.

Өйткені онда құлшылықпен бірге, Алла Тағаланың шариғатының түсіндірмесі, мұсылманға рұқсат етілген халалдар мен салынған тыйымдар, міндеттер мен парыздар жазылған.
Мұсылман Құраннан өзінің мінез-құлқы мен адамгершілігінің негізі болатын және оны бақыт пен табысқа жеткізетін ниет, іс-амалдарды табады.

Алла Тағала: «Саған да адамдар үшін түсірілгенді ашық баян етерсің деп Зікірді (Құранды) түсірдік. Олар ойланатын шығар»;
«Ол бір зікір және анық Құран ғана»; «Бұл – бір зікір. Күдіксіз тақуалар үшін өте көркем келешек бар»; «Расында, Біз Құранды еске алу (яғни оқу және жаттау) үшін жеңілдеттік. Ендеше (одан) үгіт алушы біреу бар ма?» – деді.

материал «Имам ән-Нәуәуи таңдаған қырық хадис шархы» кітабынан алынды,

ummet.kz

Бөлісу: