19
Сейсенбі,
Наурыз

һижри

Жамандық жасаушыға ихсан

Жамандық жасаушыға ихсан

Ислам тарихы

Жамандық жасағанға ихсан, жамандықпен емес, ең көркем түрде жақсылық жасаумен жүзеге асады.

Әрине бұлай істеу адамның нәпсісіне өте ауыр болғандықтан кез-келгеннің қолынан келмеуі мүмкін. Алайда, Раббысының разылығын іздеген, Аллаға және ақырет күніне айқын сенген мұсылман, жамандыққа жақсылықпен жауап қатудың артында қандай үлкен сауаптың жасырынғанын түсініп, өз көңіл қалауынан Раббысының бұйрығын артық көреді. Қазақ халқының «жақсылыққа жақсылық – әр адамның ісі, жамандыққа жақсылық – ер адамның ісі», - деуі де осыдан.

«Фуссилат» сүресінде Алла Тағала: «Жамандыққа ең көркем түрдегі жақсылықпен (ихсанмен) жауап қат. Сол уақытта сені мен екеуің араңда дұшпандық болған біреу, өте жақын достай болып кетеді», - деп бұйырады.

материал «Көркем мінез» кітабынан алынды,

ummet.kz

Бөлісу: