19
Сейсенбі,
Наурыз

һижри

Ислам дінінің басы және оның тіректері мен шыңы

Ислам дінінің басы және оның тіректері мен шыңы

Ислам тарихы

Ұлы ұстаз болған Пайғамбарымыз (с.а.с.) Муғаздың (Алла оған разы болсын) көзінен оның әлі де тереңірек білім алғысы келгенін сезгендей, теңеулер және мысалдар жәрдемімен оған анық та айқын ілімді қоса айтты.

Алайда Пайғамбарымыз (с.а.с.) оған бұл ілімді жеткізуден бұрын, оған: «Саған хабар берейін бе?» – деп сұрақ қойған. Бұл тәрбиелеудің ең бір тиімді әдісі, сұрақ беру әдісі үйренушінің назар-ықыласын арттырады әрі тек тыңдаумен, қабылдаумен ғана шектелмей, үйренушінің жауап алуға ұмтылып, сұрақ беретіндей жағдайда болуына мәжбүр етеді.

Пайғамбарымыз (с.а.с.) жеткізген ілімде мыналар қамтылған еді:

а) Бұл істің бастысы – Ислам. Бұл сөздің түсініктемесі Муғаз (Алла оған разы болсын) жеткізген басқа хадисте келтірілген. Онда Пайғамбар (с.а.с.): «Расында, бұл істің ең бастысы «Алладан басқа ешбір құдай жоқ, Оның серігі жоқ және Мұхаммед – Оның құлы әрі елшісі» екендігіне куәлік беруің», – дейді.

Демек, бұл діндегі ең басты ұғым осы екі куәлік, егер пенде осыны іштей де сырттай да мойындамаса, оның Исламға ешқандай қатысы жоқ. Өйткені куәлік пен Исламның қалған тіректері діннің ең басты негіздері.

ә) Оның тірегі – намаз. Демек, намаз – діннің тірегі, дін намаз арқылы өмір сүреді. Тіреу ұстындары шатырды көтеріп тұратынындай намазшыны намаз Алла Тағалаға жақын ететін биіктерге шығарады, сондай-ақ әлсіз де әлжуаз құлды аса Құдіретті, Рақымды және Мейірімді Жаратушысымен байланыс теңізіне шомуға дайындап, дінді жоғары көтереді және оны ашық айдын көрінетіндей етеді.

Демек, Исламдағы амалдардың ең биік шыңы – жиһад. Жиһад арқылы Алла Тағаланың сөзі жоғары көтеріледі, Ислам басқа діндерден үстем болады. Ислам дінінің үстемділігіне құлшылықтың басқа түрлерімен жету мүмкін емес, сондықтан да жиһад ең жоғарғы шың болып табылады. Пайғамбарымыздың (с.а.с.) көптеген хадистерінде барлық парыз амалдарды орындағаннан кейінгі ең жақсы амал жиһад екені айтылған. Мәселен, Әбу

Зарр (Алла оған разы болсын): «(Бір күні) мен: «Уа, Алланың елшісі! Қандай амал ең жақсы амал болып саналады?» – деп сұрадым. (Пайғамбар (с.а.с.)): «Аллаға иман келтіру, сонан соң Алла жолында күресу», – деді», – деген.

Пайғамбарымыз (с.а.с.) жиһадты түйенің өркешіне теңестірген. Түйенің өркешін жиһадқа теңестірудің мәнісі, арабтар үшін сол кезде түйелердің ең бағалы байлық боп саналатындығында еді.

материал «Имам ән-Нәуәуи таңдаған қырық хадис шархы» кітабынан алынды,

ummet.kz

Бөлісу: