Рух тәнде болған кезде дене тірі әрі жанды болады. Рух тәннен толығымен ажыраған кезде дене өледі. Қалыпты жағдайда дененің сасуы, топыраққа көмілгеннен кейін шіруі керек. Алланың белгілеген заңы осылай.
Хадистерде қабірде денесі шірімейтіндер туралы айтылған. Физикалық, биологиялық зерттеулер кейбір шарттарда (мумиялау, т.б) дененің шірімейтінін көрсетеді.
Әхли сүннет ғалымдары арасында мұндай хадистерді тура мағынада түсінгендермен қатар астарлы мағынада түсінгендер де кездеседі. Аяттар мен хадистерде айтылғандар мыналар:
Пайғамбарлар:
Пайғамбарлардың денесі шірімейді. «Алланың елшілері тірі, ризықтанады».
Шейіттер:
Аяттар мен хадистер шейіттердің өлмегенін, тірі екенін білдіреді.
материал «Ақырет жайлы 100 сұрақ» кітабынан алынды,
ummet.kz