Пайғамбар (с.а.у) былай деген:
«Мен хауыздың басына бәріңнен бұрын барамын. Маған сендерден кейбір адамдар көтеріліп, көрсетіледі. Еңкейсем, оларды ұстайтындай боламын. Бірақ, дереу кері тартылады. Мен сонда: «Уа, Раббым, бұлар менің сахабаларым!» деймін. Бірақ маған: «Өзіңнен кейін бұлардың қандай нәрселер (бидғат) жасағанын сен білмейсің» делінеді. Мен: «Менен кейін дінді өзгерткендер рақымдылықтан аулақ кетсін» деймін (Бұхари, Муслим).
Бидғат – араб тілінде жаңа нәрселер шығару, бұрын болмаған нәрсені жасау деген мағына береді. «Сөздердің ең жақсысы – Алланың сөзі, жолдардың ең дұрысы – Мұхаммедтің жолы. Дінде жаңа нәрселерден сақтаныңдар. Ақиқатында істердің ең жаманы – кейіннен шығарылғандар. Барлық жаңа нәрсе – бидғат, әр бидғат – адасу» (Муслим, Мүснәд).
Пайғамбарымыздың (с.а.у) айтуы бойынша, бидғатшылар Кәусардан ішпейді. Әмірлердің жалған сөздерін растау, зұлымдықтарына көмектесу Кәусардан алшақтауға себеп болады (Нәсаи). Құран мен хадистер исламда жақсы із салған адамға сол ізбен жүретіндер болған мерзімде сауап берілетінін, жаман із салғандарға сол секілді күні жазылатынын айтады (Ниса сүресі, 85-аят).
материал «Ақырет жайлы 100 сұрақ» кітабынан алынды,
ummet.kz