17
Жұма,
Мамыр

һижри

Алла Тағала үшін ашу-ызаға берілу

Алла Тағала үшін ашу-ызаға берілу

Ислам тарихы

Мұсылманды күнәкар ететін ашу-ыза, Алла Тағала үшін немесе Оның дінін қорғау үшін емес, жеке басының кегін қайтаруға ұмтылудан пайда болады.

Ал ақидаға қайшы келу мен адамгершілікке жат мінез көрсету немесе құлшылық етуге көңіл бөлмеу, елемеу мен қандай да бір мұсылманға зарар жеткізуге, оны масқаралау не мүлкін иемденуге әрекет еткен адамға қарсы ашулану Алла үшін ашулану болады. Әрі мұндай жағдайда пайда болатын ашу-ыза қажетті де мақтауға лайық. Алла Тағала: «Олармен соғысыңдар. Аллаһ оларды сендердің қолдарыңмен азаптасын және де оларды қорласын. Әрі оларға қарсы сендерге жеңіс (жәрдем) берсін.

Сондай-ақ иман келтірген елдің көңілдерін жазсын және олардың жүректерінің ашу-ызасы кетсін», – деген. «Сахихта» келтірілген хадисте бір сахаба: «Пайғамбар (с.а.с.) шымылдық ішіндегі қыздан да ұялшақ еді, ал егер өзіне ұнамайтын бір істі көрсе, (ұнатпағанын) біз оның жүзінен білер едік», – деген.

Сондай-ақ Пайғамбардың (с.а.с.) ешнәрсеге ашу шақырмайтыны, ал егер аса Құдіретті де Ұлы Алланың тыйымдары сақталмаған кезде оның ашуызасын ешнәрсе тоқтата алмайтыны жайлы риуаят бар.

материал «Имам ән-Нәуәуи таңдаған қырық хадис шархы» кітабынан алынды,

ummet.kz

Бөлісу: