03
Жұма,
Мамыр

һижри

Исламның қияметке дейін жалғасатындығы – Алланың уәдесі

Исламның қияметке дейін жалғасатындығы – Алланың уәдесі

Ислам тарихы

Алла Тағаланың нұрын қияметке дейін толықтыратындығы, яғни исламның қияметке дейін жалғасатындығы – Алланың уәдесі. Сонымен қатар, уағыздау міндетінің діннің жалғасуына дәнекер әрі  себеп болатын жағдай екендігін естен шығармау жөн.

Бұл дін бір сөзбен айтқанда Алланың ақиқатына сай түрде білінуі және ғибадаттар арқылы құрметтелуі. Өйткені, әлемнің жаратылу себебі осы. Бір кезде немесе бір жерде діни өмірдің әлсіреп, адамдардың қате жолға түскендігі байқалса, ол жерде уағыз ісі иманнан кейін ең бірінші және ең маңызды міндет түрінде көрініс табады. Хақ пен жақсылықты уағыздау турасында бір жетістікке қол жетпесе, көптеген заңды істердің де заңдылығы жоғалады.

Мысалға ананың сүт еметін шағындағы баласын емізуі қандай ғазиз және мүбәрәк іс! Алайда, үйі жанып жатқан ана қарекетсіз баласын емізіп отыра берсе жауапты болады. Өйткені е қарсы бір нәрсе істеу, сол сәтте баланы емізуден де маңызды және күттірмес бір іс. Міне, діннің мысалдағыдай жеңіліс тапқан кезінде хақ пен жақсылықты уағыздайтын бір қауым болмаса, басқа істермен айналысу, басқа уақыттардағыдан да ауыр жауапкершілікті қажет етеді.

Бұл Ислам нығметі бізге 1400 жылдан бері мыңдаған қиыншылық-тармен, азаптармен жеткізілгенін ұмытпау керек. Біздің міндетіміз - осы аманатты бізден кейінгі үрпақтарға сол қалпында мұқият жеткізу. Бұл турасында қазір жанқиярлықпен, хақ пен жақсылықтың басым болуы үшін қажырлы болуды қажет ететін кезең. Бұл негізінде қисынды шындық. Өйткені, батпақтағы машинаны итерген адамның еңбегі мен тегіс жолда итергеннің еңбегін салыстыруға болмайды. Бұл жерде тағы бір мәселе бар. Ол итерілген машинаның доңғалақтарының батпақтан шығуы үшін бір баланың білегіндей күшке қажеттілік туған ұрымтал сәтте сол кішкентай иық тіреу ісі тіпті үлкен мәнге ие болады. Керісінше, сол ұрымтал сәтте шетте тұрып тамашалап, міндетін атқармаған адамның кінәсі тіпті ауырлайды. Иман әлсіреп, жастардың кептеген жағымсыз ағымдарға ілесіп, адам баласы көбінесе нәпсінің қармағында өмір сүріп жатқан қазіргі таңда, аз бір қайратқа үлкен сауап, аз ғана немқұрайдылыққа да үлкен кінә берілетіндігін ойлап, уақытымыздың ұрымталдығына қарай әрекет етуіміз керек.

материал «Хадистер жинағы» кітабынан алынды,

ummet.kz

Бөлісу: