«Тәркідүниелік» ұғымын біздің бұрынғы өткен шыншылдарымыз бен ғұламаларымыз және олардан кейінгі ғұламалардың барлығы да түсіндіріп кеткен.
Олардың бәрінің де түйіні мынадай хабарға тіреледі. Әбу Идрис әлХауләни (Алла оған разы болсын): «(Адамдар) дүниеден баз кешулікке (тәркідүниелікке) халалға тыйым салу немесе дүние-мүлікті сарп ету жолымен жетпейді. Тәркідүниелік жағдайындағы пенде өз қолындағыға емес, Алла Тағаланың қолындағыға көбірек сенеді, ал егер оған бақытсыздық жетсе, жоғалтқанының (қолдан шығарып алғанының) өзінде қалуын қалаудан гөрі, осы бақытсыздық себепті (сабыр сақтаған жағдайда) берілетін сауапты көбірек қалайды және (оның Ақыретте керек болатын) қазына болуын қалайды», – дейді.
Тәркідүниеліктің Исламдағы мән-мағынасы жайлы жоғарыда түсіндірілді. Ал аскетизм дегеніміз – Алла Тағаланың нығметтерінен бүтіндей бас тарту, оларға менменси қарау және олардың кез келгенінен өздерін мақрұм ету. Қайсы бір мұсылмандар аскетизмнің ықпалына беріліп, аббасилер мемлекетінің әлсіреген тұсында да, одан кейін де қырық жамау киімге оранған, тіршілік әрекетінен бас тартқан, өмір сүруге қажетті нәпақа табуға ұмтылмайтын, тек басқалардың берген қайыр-садақаларымен өмір сүрген. Сондай-ақ Ислам мұндай аса қатерлі дәлелсіз амалдар мен түсініктерді, қорлық пен әрекетсіздікті мүлдем теріске шығарса да, өздерін дүниені тәрк етушілер деп атайтын адамдар пайда бола бастады. Бүгінгі күндері мұсылмандар мұндай келеңсіз теріс ақыл-ой ақымақтығынан арылды. Мұсылмандар рұқсат етілген амалдарға, рұқсат етілген нәпақа-ризыққа ұмтылуда. Олар жер бетін гүлдендіруге және қосымша табыс табуда бірімен-бірі жарысуда, тіпті бұл жарыстың ауқымының кеңейгені сонша, Ақыретті ұмытып кетер ме екен деген де қауіп туындап отыр. Олардың Алла Тағаланы еске алуына, сөйтіп тәркідүниелікке, дүниеге тым беріліп кетпеуге шақыратын, дүние жарысындағы белсенділікті бәсеңдететін, бізді шайтанның торына түсіп қалудан сақтайтын, сондай-ақ бұл дүниенің рақат-ләззатына алданып қалмауға жәрдемдесетін амалдарды қарастырудамыз.
материал «Имам ән-Нәуәуи таңдаған қырық хадис шархы» кітабынан алынды,
ummet.kz