17
Жұма,
Мамыр

һижри

Алланың алдында ең ардақты адамдар кімдер?

Алланың алдында ең ардақты адамдар кімдер?

Ислам тарихы

Алланың алдында ең ардақтылары – ең көп бойсұнғандары мен Құранмен ең көп амал еткендері.

Түсіндірмесі: Мүміндердің арасындағы ең басты артықшылық мансап та, байлық та, билік те, тектілік те, қабілеттілік те, сұлулық та, шешендік те, таланттылық та, дарындылық та, тәжірибе де, тіпті, білім де емес, олардың арасындағы ең басты артықшылық – тақуалық. Яғни, кім Құдайдан көбірек қорқып, тақуалық танытса, Оның әмірін орындап, тыйымынан тыйылса, сол пенденің ғана мерейі үстем болмақ.

Алла Тағала былай дейді: «...Асылында, Алланың алдында ең ардақтыларың – ең тақуаларың...» (Хужурат, 13).

Иман – Аллаға, Оның періштелеріне, кітаптарына, елшілеріне, ақырет күніне және тағдырға: оның жақсылығы да, жамандығы да, ащысы да, тәттісі де Алла Тағаладан екендігіне сену.

Түсіндірмесі: Иман осы аталған алты шарты түгел болғанда ғана кәміл болады. Бұл негіздердің асылы ардақты аяттар мен шарапатты хадистерде жатыр.

Алланың елшісі (с.а.с.) иманның анықтамасы туралы: «Иман – Аллаға, Оның періштелеріне, кітаптарына, пайғамбарларына, ақырет күніне сенуің, жақсылыжаманды тағдырға сенуің», – деген. Мүслім риуаят еткен.

Алланың елшісі (с.а.с.): «Ислам – Алладан басқа тәңір жоқ екендігіне және Мұхаммед Оның елшісі екендігіне куәлік беруің, намаз оқуың, зекет беруің, рамазанда ораза тұтуың, жолына күшің жетсе Алланың үйіне (Меккеге) қажылық жасауың», – деді.

Ол (Пайғамбар (с.а.с.)): «Аллаға көріп тұрғандай ғибадат қылуың, тіпті сен оны көрмесең де, Ол сені көреді», – деді. Мүслім риуаяты.

материал «Таным тұғыры» кітабынан алынды,

ummet.kz

Бөлісу: