Тазалық – құлшылықтың қажетті шарты және Алла Тағалаға деген махаббаттың белгісі.
Пайғамбарымыз (с.а.с.) Тәңіріне жалбарынушы мұсылманның ішкі сенімін арттыру мақсатында Алла Тағаланың: «Ей, адамдар! Сендерді жаратқан Раббыларыңа құлшылық қылыңдар», – деген бұйрығын бұлжытпай орындауға ниет танытқан мұсылманның өз Тәңірімен құл сипатында сөйлесуге дайындығы барысында тәні мен киімін таза ұстауы оның иманының өте маңызды және айқын әсері екенін түсіндіреді. Пайғамбарымыз (с.а.с.) тазалыққа өте үлкен мән берген. Тазалану туралы Алла Тағала: «Ей, иман келтіргендер! Қашан намазға тұрсаңдар, (тұрарда) жүздеріңді және шынтақтарға дейін қолдарыңды жуыңдар. Бастарыңа мәсіх тартыңдар (сипаңдар). Және екі тобықтарға дейін аяқтарыңды (жуыңдар). Егер де жүніп (бой дәретсіз) болсаңдар толық тазаланыңдар»; «Киіміңді тазала», – деді.
Мұсылман Алла Тағаланың алдында таза, тақуа, хош иісті кейіпте Жаратушы берген көркем бейнесін жоғалтпай тұру үшін қиындықтарға шыдап осы бұйрықтарды орындайды. Бұл аса Құдіретті де Ұлы Алланың оған деген сүйіспеншілігін тудырады, өйткені Алла: «Расында, Алла тәубе етушілерді жақсы көреді әрі тазаланушыларды да жақсы көреді», көреді», – деген.
Тазалық – құлшылықтың қажетті шарты және Алла Тағалаға деген махаббаттың белгісі. Пайғамбарымыз (с.а.с.) Тәңіріне жалбарынушы мұсылманның ішкі сенімін арттыру мақсатында Алла Тағаланың: «Ей, адамдар! Сендерді жаратқан Раббыларыңа құлшылық қылыңдар», – деген бұйрығын бұлжытпай орындауға ниет танытқан мұсылманның өз Тәңірімен құл сипатында сөйлесуге дайындығы барысында тәні мен киімін таза ұстауы оның иманының өте маңызды және айқын әсері екенін түсіндіреді. Пайғамбарымыз (с.а.с.) тазалыққа өте үлкен мән берген. Тазалану туралы Алла Тағала: «Ей, иман келтіргендер! Қашан намазға тұрсаңдар, (тұрарда) жүздеріңді және шынтақтарға дейін қолдарыңды жуыңдар. Бастарыңа мәсіх тартыңдар (сипаңдар). Және екі тобықтарға дейін аяқтарыңды (жуыңдар). Егер де жүніп (бой дәретсіз) болсаңдар толық тазаланыңдар»; «Киіміңді тазала», – деді.
Мұсылман Алла Тағаланың алдында таза, тақуа, хош иісті кейіпте Жаратушы берген көркем бейнесін жоғалтпай тұру үшін қиындықтарға шыдап осы бұйрықтарды орындайды. Бұл аса Құдіретті де Ұлы Алланың оған деген сүйіспеншілігін тудырады, өйткені Алла: «Расында, Алла тәубе етушілерді жақсы көреді әрі тазаланушыларды да жақсы көреді», көреді», – деген.
а) Иманның жартысы.
Пайғамбарымыз (с.а.с.) таһарат және соған ұқсас тазарулардың сыйы Алланың құзырында көбейіп иман үшін берілетін сый көлемінің жартысына жетуі мүмкін екендігін түсіндірді. Олай болатын себебі иман бұрынғы үлкен және кіші күнәларды жояды, ал тазару, әсіресе таһарат, бұрынғы ұсақ қателіктерді жояды, сондықтан оны иманның жартысына балайды. Осман (Алла оған разы болсын): «Пайғамбар (с.а.с.): «Кім жақсылап дәрет алса, оның тәнінен қателіктер шығып кетеді, тіпті тырнағының астынан да шығады», – деді», – деген.
Сонымен бірге иман ширк (көпқұдайшылдық), екі жүзділік және соған ұқсас ішкі азғындықтардан арылтады, ал дәрет сыртқы былғаныштардан тазалайды, сондықтан ол (таһарат) Қиямет күні мұсылмандардың белгісі болады. Пайғамбар (с.а.с.): «Шәксіз Қиямет күні менің үмбетім (мүшелері) таһарат іздеріне қарай оларды «ғурран мухажжалин» деп шақырады, кім өз жұлдызын ұлғайтуды қаласа, осыны орындасын», – деген.
ә) Тазару (таһарат) – намаздың жартысы.
Намазға қатысты хадистердің түсіндірмелерінің біріне сәйкес намазды иман деп те атайды. Бұлайша тұжырым жасауға Алла Тағаланың: «Алла имандарыңды жоймайды», – деген сөзі негіз болады. Мұнда «сендердің имандарыңды» деп (һижра жасағаннан кейінгі Пайғамбар (с.а.с.) мен сахабалардың) Бәйтул-Мақдис (Иерусалим) жаққа қарап оқыған намаздары туралы айтылған.
Жоғарыда айтылған пікірді қуаттаушы мухаддистер «таһарат иманның жартысы, яғни таһарат – намазды дұрыс орындаудың алғы шарты» деген. Ал шарт амалдың жартысы ретінде қарастырылатындықтан тазару намаздың жартысы болады.
б) Тазалану – жаннаттың кілті.
Алла Тағаланың Кітабында кәпірлердің тозаққа кіруіне олардың мұсылмандар қатарына қосылмағандығы себепші екендігі айтылған. Алла Тағала: «(Олардан:) «Сендерді тозаққа кіргізген не?» – (деп сұралады). Олар: «Біз намаз оқушылардан емес едік», – дейді», – деген.
Ендеше, намаз – тозақтан құтқаратын және жаннатқа апаратын жол. Ал тазару намаздың кілті болғандықтан, ол жаннаттың да кілті саналады. Пайғамбар (с.а.с.): «Жақсылап дәрет алып, содан соң намазға тұрып жүрегімен де, жүзімен де бұрылып екі ракағат намаз оқыған кез келген мұсылманға жаннат уәжіп болады»; «Сендердің араларыңнан кім жақсылап (немесе өз дәрежесінде) дәрет алып, содан соң «Алладан басқа ешбір құдай жоқ екендігіне және Мұхаммед – Алланың құлы әрі елшісі екеніне куәлік беремін» десе, жаннаттың сегіз есігі міндетті түрде ашылады және ол қайсысынан (кіруді) қаласа, (сол есіктен) кіреді», – деген.
в) Тазалық – иманның қасиеттерінен.
Тазалану – иманның жасырын қасиеттерінің бірі, оны тек мұсылман ғана үзбей орындайды. Пайғамбар (с.а.с.): «Мұсылманнан (мүміннен) басқа ешкім үнемі тазаланбайды», – деген. Тазарудың маңыздылығы сол: ол көзге көрінетін амал емес, кездесетін қиындықтары да бар, сондықтан да оны үздіксіз орындап жүруші адам жаннатқа басқалардан бұрын кіреді. Бір күні Пайғамбар (с.а.с.) таңертең тұрып Біләлді (Алла оған разы болсын) шақырып алып: «Ей, Біләл! Жаннатқа менен бұрын (қалай барып қалдың)? Расында, кеше кешке мен жаннатқа кірдім және алдымнан сенің аяқ киіміңнің дыбысын естідім!» – деді. Біләл: «Уа, Алланың елшісі! Мен қай уақытта азан айтсам да, одан кейін міндетті түрде екі ракағат намаз оқимын және қай уақытта дәретім бұзылса, содан кейін үнемі тазаланамын (таһарат аламын)», – деді. Сонда Пайғамбар (с.а.с.): «Міне, осы себепті!» – деді.
г) Тазалану – адам баласына берілген аманат.
Әбу Дәрда (Алла оған разы болсын): «Пайғамбар (с.а.с.): «Расында, Алла Өз дінінен адамға (тазаланудан) басқа ешнәрсені аманат етпеді», – деді», – деген. Мұны тазалану тәнге қатысты шариғат заңдастырған рухани амал екендігімен түсіндіруге болады, оның орындалғанына аса Құдіретті де Ұлы Алла мен тазаланушы адамның өзі ғана куә болады. Тазалану тек адамның амалы мен ниеті арқылы ғана іске асады. Ниеттің жасырын болғаны сияқты таһараттың да орындалуына көп жағдайда ешкім куә бола бермейді. Сондықтан таһарат (ғұсыл) арқылы нәжістен (былғаныштан) тазару аманатты орындау болып табылады.
материал «Имам ән-Нәуәуи таңдаған қырық хадис шархы» кітабынан алынды,
ummet.kz