Мұның мәнісі, барлық парыздарды орындау және барлық тыйым салынғандардан бас тарту.
Бұлай ету дененің түрлі ағзаларының сау-саламаттығы және сол сияқты оған берілген нығметтер үшін шүкірлік етуге жеткілікті. Бұған дәлел Әбул-Асуад әд-Дайли: «(Бір күні) біз Әбу Заррдың алдында болғанымызда: «Күн сайын әрқайсыңның әрбір буындары садақа (беруге) міндетті: оның әр намазы үшін оған садақа (жазылады) және ораза тұту – садақа, қажылық – садақа, «Алла Пәк» (субханаллаһ) деп айту – садақа, Алла Тағаланы ұлықтау – садақа...», – деді», – деген.
Әбу Мұса әл-Ашғари (Алла оған разы болсын): «Пайғамбар (с.а.с.): «...ал ол егер (мұны) істемесе, (онда) жамандық істеуден бас тартсын, расында, бұл да ол үшін садақа болады», – деді», – деген. Пайғамбарымыздың (с.а.с.) бұл сөздері ешқандай жамандық істемеу пенденің өз шүкіршілігін білдіруіне жеткілікті болатынын көрсетеді. Алайда бұл айтылғандар парыздарды орындап, тыйым салынғандардан аулақ болғанда ғана оның пайдасына асады, өйткені діни парыздарды орындаудан бас тарту асқан зұлымдық саналады. Сондықтан да, біздің алдымызда өткендердің баз біреулері: «Шүкірлік, бұл – күнәлардан бас тарту»; «Шүкірлік, бұл – (Алла Тағаланың) берген нығметтерінің ешқайсысын Оған бойсұнбау үшін пайдаланбау», – деп айтқан.
материал «Имам ән-Нәуәуи таңдаған қырық хадис шархы» кітабынан алынды,
ummet.kz