14
Жексенбі,
Желтоқсан

һижри

Сиқыр сөзінің шариғаттағы мағынасы

Сиқыр сөзінің шариғаттағы мағынасы

Ислам тарихы

Сиқыр амалы тыйым салынған, харам іс. Имам ән-Нәуәуи бұл үкім жайында ғұламаларының пікірі бірауызды екендігін жеткізген.

Тіпті, сиқыр хадисте айтылғандай қиратқыш үлкен күнәларға жатады. Имам әз-Зәһәби: «Адасушылардың көптеген топтарының сиқырға кіріп жатқанын көреміз. Олар оны харам іс деп қана түсініп, оның нағыз күпірлік екендігін естерінен шығарады. Сондай-ақ, кейбіреулер симия (белгілер) ілімін үйреніп, соның амалдарын істеп жүр. Ол нағыз сиқырдың өзі. Ер адамды әйелінен ажырататын амал да сиқыр. Ер адамның әйеліне деген сүйіспеншілігін арттыратын немесе оларды бір-бірімен араздастыратын әрекеттер де сиқыр. Олардың көпшілігі серік қосу, азғындық сөздері болып келетін түсініксіз сөздер арқылы жүзеге асырылады», – деген. Сиқырдың нақты тыйым салынған харам іс екендігін төмендегі аяттар айғақтай түседі. Алла Тағала былай дейді: «...Расында олар оны айырбастап алған нәрсеге ақыретте еш жақсылық болмайтындығын білді» (Бақара, 102); «Олар өздеріне пайда бермейтін, керісінше зиян беретін нәрсені үйренеді» (Бақара, 102).

Пайғамбарымыз (с.а.с.) бір хадисінде: «Үш адам жәннатқа кірмейді. Олар: арақ ішуші, туыстық байланысты үзуші және сиқырға сенуші», – дейді. Бұл хадисті Ахмет, Әбу Яғла, Ибн Хиббан, Хакимдер риуаят еткен.

Ибн Масғұд (р.а.) былай дейді: «Мен Алланың елшісінің (с.а.с.): «Дуа жасау, тұмар тағу, сүйіспеншілік сиқырын жасау Аллаға серік қосу амалдарынан», – дегенін естідім». Ахмет, Хаким риуаят еткен. Сүйіспеншілік сиқыры дегеніміз әйелді еріне сүйікті етіп көрсету үшін жасалатын дуа. Аталмыш амал оны істеген не істеткен жандардың Алла Тағаланың харам еткен нәрсесін халал деп және сиқыршы не дуашының Алла Тағаладан басқаның қолынан келмейтін істі орындай алады деп есептегендері үшін серік қосу амалдарының қатарына жатқызыған. Шафиғи мазһабының ғұламалары сиқырды үйрену тек пайда келтіру үшін не сиқырдың зардабын кетіру үшін не ақиқатын зерттеп білу үшін ғана болмаса басқа жағдайларда харам деген үкім шығарған.

материал «Өткір қылыш» кітабынан алынды,

ummet.kz

Бөлісу: