Әбу Һурайра (р.а.) жеткізген хадисте:
«Алла елшісі (саллаллаһу аләйһи уә сәлләм): «Пәни дүниенің мүмкіндіктері тұрғысынан өздеріңнен үстем болып, жоғары тұрғандарға емес, төмен тұрғандарға қараңдар, өйткені бұл сендерді Алланың берген нығметтерін аз83 Денсаулық, байлық, атақ-даңқ, шен-шекпен және т.б. сынып, қанағат тұтпаудан сақтайды», – деп айтты» – делінген (Муслим, зүһд 9).
«Мына фәни дүние тіршілігі мынаған ұқсайды: біз көктен жаңбыр жаудырамыз. Сол арқылы адамдар мен жан-жануарлардың қорегі өсімдіктер бір-бірімен араласып, жайқалып, өсіп-өніп, жер беті (түрлі өсімдіктермен, әр алуан жемістермен) құлпырып кетеді. Жер иелері (шаруалар) мол өнім алатын болдық деп ойлағанда, күндіз, не түнде (барлығын тас-талқан ету жөніндегі) бұйрығымыз жетіп, жер бетінде кеше ғана түк өніп-өспегендей, жайқалып тұрған өсімдіктерді тып-типыл етіп, қу тақырға айналдырамыз. Міне, біз ойланып, ғибрат алатын адамдар үшін аяттарымызды (дәлелдерімізді) осылайша салалап баяндаймыз» («Жүсіп» сүресі, 24-аят).
«Біліп қойыңдар, дүние тіршілігі – құр ойын-сауық, уақытша ермек, сән-салтанат, араларыңдағы өзара мақтан және бала-шаға мен дүниемүлікті көбейту жолындағы бақталастық қана. Бұл бейне бір нөсер тәрізді. Сол нөсерден кейін жайқалып өскен өсімдіктер шаруаларды тамсандырады. Алайда, кейін оның сарғайып қурап қалғанын көресің. Содан соң үгітіліп, қоқысқа айналады. Ақыретте (дүниеге алданған кәпірлерге) ауыр азап, (ақыретін ойлаған ізгі жандарға) Алланың кеңшілігі мен разылығы бар. Шынтуайтында, дүние тіршілігі – есіл-дертіңді билеп әкететін өткінші қызық қана» («Хадид» сүресі, 20-аят).
«Әйелдер, ұл балалар, алтын мен күміске толы қазыналар, өзіне ғана тән белгілері бар асыл тұқымды сәйгүліктер, төрт түлік мал мен егінжай сияқты (нәпсіге жағатын) нәрселерді адам баласы жан-тәнімен жақсы көреді. Асылында, бұлар дүние тіршілігінің (өткінші) қызығы ғана. Ең тамаша жай (яғни, адам жаны жай табатын мәңгілік мекен) Алланың қасында».(«Әли Имран» сүресі, 14-аят).
«Бұл дүниенің тіршілігі – әп-сәтте өте шығатын ойын-күлкі, сауық-сайран ғана. Ақырет тұрағы болса, міне, сол нағыз (мәңгілік) өмір. Егер олар (ақыретті ұмытып, дүниеге салынғанда) соны білсе ғой» («Анкәбут» сүресі, 64-аят).
«Дүние-мүлік пен жан басын көбейту бақталасы сендерді еліктіріп әкетті. Қашан қабірге барғанға (кіргенге) дейін. Жоқ, әліақ, білесіңдер. Жо-жоқ! Жуырда білетін боласыңдар. Жо-жоқ, егер (дүние қуып, өзара бақталасқа түсудің соңының не боларын) анық білгендеріңде, (олай істемес едіңдер) («Тәкәсур» сүресі, 1-5-аяттар).
материал «Хадистер жинағы» кітабынан алынды,
ummet.kz