29
Жұма,
Наурыз

һижри

Жәннатқа шын ынтызарлық және оған апарар жолды іздеу

Жәннатқа шын ынтызарлық және оған апарар жолды іздеу

Ислам тарихы

Жәбир (Алла оған разы болсын) тақуалар үшін дайындалған кеңдігі көктер мен жердей жаннатқа құштар мұсылман туралы баяндайды.

Ол кісі Пайғамбардан (с.а.с.) жәннатқа апарар жол мен қандай амалдар оның осынау кеңдігі ұлан-ғайыр жәннатқа кіруіне мүмкіндік беретінін білу үшін келген еді. Кейіннен ол Пайғамбардың (с.а.с.) өсиетімен амал еткеніне орай мақсатына жетті. Әбу Айюб әл-Ансари (Алла оған разы болсын): «Бір күні бір адам Пайғамбардан (с.а.с.): «Қандай амал менің жәннатқа кіруіме мүмкіндік береді?» деп сұрады. Пайғамбар (с.а.с.): «Аллаға құлшылық қыл да, Оған ешнәрсені серік қоспа, намаз оқы, зекет бер және туыстарыңмен байланысыңды үзбе», – деді», – деген. Бұл хадистің басқа риуаятында сұрақ берген кісі: «Маған оны істесем жәннатқа жақындататын және оттан алыстататын амалды көрсет», – дейді.

Сонымен қатар екі «Сахихта» бірдей Әбу Һурайра (Алла оған разы болсын) жеткізген осыған ұқсас хадис келтірілген. Онда: «және туыстармен байланысыңды үзбе» деген сөздердің орнына «және рамазанда ораза тұт», – делінген.

Ибн Мунтафиқ (Алла оған разы болсын): «Пайғамбар (с.а.с.) Арафатта тұрған кезінде мен оған жақындап бардым да: «Мен сенен екі жайт туралы: мені оттан құтқаратын не және мені жәннатқа кіргізуге мүмкіндік беретін не?» – деп сұрадым. Ол (с.а.с.): «Сұрағың қысқа болғанымен, сен ұзақ та ұлы нәрсе туралы сұрадың. Енді айтқанымды ұғып ал: Аллаға құлшылық ет және Оған ешнәрсені серік қоспа, парыз етілген намаздарды орында, міндетті зекетті төле, рамазанда ораза тұт, адамдардың өзіңе қандай қатынас жасағанын қаласаң, оларға сондай қатынас жаса, өзіңе қатысты нені ұнатпасаң, адамдарды да сол нәрседен құтқар», – деді», – деген.

материал «Имам ән-Нәуәуи таңдаған қырық хадис шархы» кітабынан алынды,

ummet.kz

Бөлісу: