28
Бейсенбі,
Наурыз

һижри

Рұқсат етілген «сиқыр» дегеніміз не?

Рұқсат етілген «сиқыр» дегеніміз не?

Ислам тарихы

Бұл мұсылман әйелге ұсынатын насихатымыз.

Шындығында, әйел өзінің күйеуін Алла Тағала рұқсат еткен жолдармен – әдемі көріну, әшекейлер тағыну, оған ұнамайтын істер істемеу, жұпар иіс, назды жымию,жақсы сөз, жылы қарым-қатынас, оның мал-мүлкін жақсы қадағалау, балаларын дұрыс тәрбиелеу, мүлтіксіз мойынсұну сияқты жолдар арқылы «сиқырлауына» болады.

Бірақ та қазіргі қоғамымызға қарасақ осы нәрселерге керағар жәйттардың орын алып жатқандығына куә боламыз. Қазіргі әйелдердің көпшілігі көшеге, тойға шыққанда ең әдемі әшекейлерін тағынып, ең қымбат иіссуларын себініп, ең әсем киімдерін киіп шығады да үйіне келгенде мұның бәрін шешіп, келесі шыққанға дейін жинап қояды. Ал әйелі үшін осы нәрселердің сатып алған бейшара күйеуі бұл әдемілікті қызықтаудан мақұрым. Ол өз жұбайын үй ішінде тек ескі киімдерімен ғана көріп, тамақтың, пияз бен сарымсақ иісімен ғана сезеді.

Егер әйел ақылды болса осы әшекейлер мен күллі әдемілігін көріп, қызықтауға бірден-бір лайықты адам ол күйеуі екенін білер еді.

Еріңіз жұмысына шыққанда үй істерін тезірек бітіріп, жуынып, әшекейлеріңзді тағынып, жақсы киімдеріңізді киініп күтіңіз, ол келгенде көзіне әдемі кейіпте көрінуге тырысыңыз. Күйеуіңіз жұмыстан келгенде әдемі жұбайын, тағам дайын болып, үй іші тап-тұйнақтай екенін көрсе сізге деген сүйіспеншілігі де, сенімі де арта түседі. Уаллаһи, рұқсат етілген сиқыр түрі осы. Әсіресе, осы әдеміленудегі мақсатыңыз Алла жолында яғни күйеуіңіздің басқа әйелдерге қаратпау үшін болса сауабы көп. Өйткені, қарны тойған адамның қайтып тамаққа тәбеті болмайды. Бірақ тоймаған тамаққа құмарлықпен қарайды. Осы бағалы сөздерді әрдайым жадыңызда ұстаңыз.

материал «Өткір қылыш» кітабынан алынды,

ummet.kz

Бөлісу: