29
Жұма,
Наурыз

һижри

Коллаген дегеніміз не? Ол халал ма?

Коллаген дегеніміз не? Ол халал ма?

Ислам тарихы

Коллаген дегеніміз – дәнекер ұлпаларын біріктіретін ақуыздың бір түрі. Ол терінің иілгіштігі мен серпімділігін реттейді.

Терідегі пайда болған әжімдер ағзада коллагеннің төмендегенін білдіреді. Дұрыс тамақтану – осы ағуыздың бұзылу үрдісін баяулатудың бірден-бір тәсілі. Демек, коллаген дегеніміз – ақуыз. Ағзамыздағы ақуыздың 30-40%-ы коллагенге тиеселі. Коллаген терінің жастығын реттейді, сонымен қатар ол тырнақ, шаш, буын және ішек ұлпасында да кездеседі.

Коллагеннің 16 түрі бар. Оның үш түрі (90 %) кеңінен таралған. Коллагеннің I және II түрлері сүйекте, теріде, сіңір байламдарында, ал III түрі буындарда болады.

Адам ағзасы коллагеннің қажетті мөлшерін бөліп шығаруға қабілетті. Алайда 25 жастан соң табиғи реттеу төмендейді. Соның салдарынан алғашқы әжімдер пайда болады. Уақыт өте келе артритке айналуы мүмкін. Олай болса, мұның алдын алу үшін не істеу керектігін бірге қарастырайық.

Косметикалық құралдардың көбінің құрамына осы коллаген қосылады. Атап өткеніміздей, ол – терінің серпімділігіне жауап беретін ақуыз. Уақыт өткен сайын ағза табиғи коллаген өндіруді азайтып, қартайған шақта мүлдем тоқтатады. Терінің салбырап, босап қалатыны содан. Осының алдын алу үшін көптеген косметикалық өнімдер құрамына коллаген қосылады.

Косметологияда коллагеннің бірнеше түрі қолданылады.

Біріншісі – ірі қара малдың терісінен өндірілген коллаген. Ол арзан болып келгенімен аллергиялық реакциялар тудыруы мүмкін.

Екіншісі – өсімдік текті коллагенді бидай протеинінен өндіреді. Бұл гипоаллергенді, бірақ өте қымбат шикізат.

Үшіншісі – теңіз балықтары терісінен өндірілетін теңіз коллагені де гипоаллергенді қасиетке ие. Осы жағдайларды ескере отырып, Корея ғалымдары шошқадан алынатын коллагенге тоқтады. Өйткені, шошқа коллагені адам ақуызымен өте ұқсас болғандықтан, оны өз өнімдерінде ашық көрсетуден де қымсынбайды.

Үкім: Халал стандарты бойынша, шошқадан алынған коллаген халал емес. Сиырдан алу үшін ол шариғат тәртібімен сойылуы керек, сол кезде ғана халал болады. Балықтан алынатын коллаген – халал.

материал «Халал – шариғат талабы» кітабынан алынды,

ummet.kz

Бөлісу: