26
Жұма,
Сәуір

һижри

Құран оқу әдептері

Құран оқу әдептері

Ислам тарихы

Құран Кәрім көп оқылатын кітап екенін бәріміз білеміз. Бірақ соған қарамастан одан жырақ қалып қойатын кездеріміз де болады.

Осы Рамазан айында бүкіл ісімізді жиып-теріп Құран оқуға бет бұрып жататындарымыз да жоқ емес. Онда  осы қасиетті Құранымызды оқығанда көңіл бөлетін нәрселермен таныс болайық;

 1. Бой дәретінің болуы

Алла Тағала Құран Кәрімде былай деуде: «Оны [Құранды] (тәни һәм рухани кірлерден толық арылған) таза жандардан өзгелер ұстай алмайды».  Осыған байланысты дәреті жоқ адам жатқа Құран оқуына болса да, Құранды ұстауына болмайды. Дәретсіз Құран оқу мәкруһ болмаса да дәретті болу мастаһаб іс.

Жүніп адам және етеккірі келген әйел кісі Құранды ұстауына болмағанындай жатқа оқуларына да болмайды. өйткені Пайғамбарымыз с.а.у. «Һайыз жағдаындағы әйел кісі және жүніп кісі Құраннан ештеме оқи алмайды» деуде.

Бірақ бұл аталмыш кісілердің Құран аяттарын естуде, және қарап  ой жүгіртулеріне болады.

 2. «Аъузу бисмилла» мен бастау

Құран оқығысы келген адам «Ахузу» мен бастауы керек. Құран Кәрімде Алла Тағала; «Ендеше, Құран оқитын кезде Алланың рақымы мен құзырынан қуылған шайтанның уәсуәсасынан (сақтай гөр деп) Аллаға сыйынып, пана тіле» - деп «аъузу» айтылуына ынталандырған. Имам Саури және Ата (р.а) атты ғалым кісілер Құран оқу алдында «аъузу» мен басталуын «уәжіп» десе де төрт мазһаб фақиһтері «мустаһаб» деуде. Бұған қоса кейбір салаф ғалымдары «аъузу бисмилла» дан кейін мына аяттарды оқуды ұнатқан; «Сондай-ақ: «Уа, Раббым, (міндетімді орындау барысында адам мен жындардан болған) шайтандардың уәсуәсі мен азғыруынан сақтай гөр деп бір Өзіңнен пана тілеймін».  «Сонымен қатар, уа, Раббым, олардың маған жанасуынан (маған ықпал етулерінен) сақтай гөр деп, бір Өзіңнен пана тілеймін», – деп дұға ет». Бұған қоса «Нас» сүресін де оқығандары  бар.

3. «Тартил» мен оқу

«Тартил» Құран Кәрімді асықпай мәнерлеп, байыптылықпен айаттарды бір-бірден ой жүгіртіп оқу. Құранның терең мағынасын ұғыну үшін «тартил» мен оқылғаны жөн. Алла Тағала Құран Кәрімде; «...Сондай-ақ мәнеріне келтіріп һәм мағынасына терең үңіле отырып байыппен Құран оқы!» - деген, басқа бір аятта; «...Алайда Біз оны жүрегіңе әбден ұялатып, көкейіңе жақсылап қондыру үшін (осылай бірте-бірте түсірудеміз) және байыппен мәнерлеп оқып берудеміз» - дей арқылы Құранның «тартил» мен оқылуын әмір етуде.

Иә, Құранды жақсы оқи алмаймын деп тастап қоймау керек, керісінше Құранды «тартил» мен оқуға барын салып тырсу керек. Өйткені Пайғамбарымз с.а.у. “Құранды керемет оқитын адам [қиямет күні]  «Сафара және Барара» деген періштелермен бірге болады, ал кімде-кім Құранды қиналып [тілін сындырып] оқыса оған екі есе сауаб бар” – деген.

4. Құранның мағына және мазмұнына ой жүгірту

Құран Кәрімнің бетіне қарап лафзын [сөзі] құр оқу  көптеген сауаб әкелсе де, әсілі Құранның мағына және мазмұнын түсініп  және түсінгендерімізбен өз өмірімізде барынша іске асыру. Бұл тұрғысында ибн Масъуд р.а. былай дейді; «Мен үшін Тартил мен Құранға ой жүгіртіп «Бақара» және «Әлі Имран» сүресін бітіру Құранды жылдам хатым етуден артығырақ». Бұған қоса Али р.а. «Тәдаббурсіз Құран оқу көп пайда әкелмейді» – дейді.

Құран Кәрімдегі көптеген аяттар біздерді «тадаббурге», «тафаккурге», «ой жүгіртуге» шақыруда. Мысалы ретінде бірнешесін айтатын болсақ: «Олар Құранға терең ой жүгіртіп, оны лайықты түрде түсінуге тырыспай ма?» «Біз саған осынау мүбәрак Кітапты (күллі саналы жаратылыс) оның аяттарына терең ой жүгіртсін және ақыл иелері одан үлгі-өнеге һәм ғибрат алсын, деп, түсірдік».

5. Құран Кәрімді дауыстап немесе бәсең оқу

Құран Кәрімді дауыстап және дуыссыз оқылуына байланысты бірнеше риуаяттар бар. Соның бірі Абдулла ибн Абу Қайс (р.а) Айша анамызға (р.а) келіп Пайғамбарымыздың Құранды қалай оқығанын сұрады [дауыстап па әлде дауыстамай ма?] Айша анамыз (р.а); «Екі түрде де оқитын, кейде дауыстап, кейде даусын басып» - деп жауап берді. Бұны естіген Абу Қайс (р.а) «Осындай кеңшілікті берген Алла Тағалаға мақтаулар болсын» – деді.

Имам Ғаззали «Ихия» атты еңбегінде осы тақырыпқа байланысты дәлелдерді  келтіргеннен кейін [яғни, Құранның дауыстап не дауыссыз оқылатынына байланысты]. Әр түрлі дәлелдерден мынандай тұжырым шығарған: «Құранды дауыссыз оқу риядан қорғану үшін жақсы. Сол себепті рияқорлықтан қорқатын адам Құранды дауыссыз оқығаны жақсы. Ал кімде – кім рияқорлықтан қорықпаса және қасындғыларға ешқандай кедергі жасамайтынына сенімді болса Құранды дауыстап оқыған абзалырақ. Өйткені дауыстап Құран оқумен адам көп енергия жұмсайды және қасындағыларға да Құран тыңдатады. Сонымен қатар дауыстап Құран оқу жүректі ояндырады ..., дауыстап мақаммен Құран оқу  адамның Құранға деген құштарлығын арттырғанымен қоса адамды жалқаулықтан алыстатады».

материал «Қари болғым келеді» кітабынан алынды,

ummet.kz

Бөлісу: