25
Бейсенбі,
Сәуір

һижри

Зиянды және зиянсыз консерванттар

Зиянды және зиянсыз консерванттар

Ислам тарихы

Адамның бақытты өмір сүруі үшін не керек деген сұраққа, ең бірінші денсаулық деп жауап береріміз анық.

Алайда күнделікті тұтынып жүрген тағамдарымыз денсаулығымызға қаншалықты әсер ететінін білеміз бе? Қазіргі кезде қоғамның 60 пайызы түрлі ісік, асқазан жарасы, склероз, жүректің дертінен зардап шегуде. Сондықтан қолданып жүрген тағамның құрамына өте мұқият болған абзал.

Адам денсаулығына зиянды консерванттар мынандай:

Өте қауіпті консерванттар: Е 252, 280-283

Қауіпті консерванттар: Е 201, 220, 222, 223, 224, 228, 233, 242

Канцерогенді, ісік туғызатын консерванттар: Е 210, 211, 212, 213, 214, 215, 216, 219, 230, 240, 249, 250, 251, 252, 280, 281, 282, 283

Асқазан-ішек ауруын туғызатын консерванттар: Е 263

Тері ауруын туғызатын консерванттар: Е 231, 232, 239, 262

Қысымға әсер ететін консерванттар: Е 250, 251, 252

Балаларға қауіпті консерванттар: Е 270

Рұқсат етілмеген консерванттар: Е 211, 216, 217, 243

Күмәнді консерванттар: Е 241

Тағамдарға қосылып жүрген консерванттар асқазандағы ас қорытатын пайдалы микрофлораны жояды. Химиялық қоспалар бауырда жинақталып, бауырдың жұмсын бұзады және ұйқы безінің ферменттеріне теріс әсер етеді. Олар организмнің түкпір-түкпірінде жиналып, ағзаның иммундық жүйесін бұзады. Әлемдік өндірісте ең қауіпсіз консерванттар: тұз, қант, бал, ара балауызы, сірке, сүт, лимон қышқылдары, эфир майлары, түрлі шөптер сығындысы т.б. үй жағдайында, консервант ретінде тұз, қант, сіркені пайдалануға болады. Өндірістегі ең қауіпсіз деп танылған консерванттар – бензой мен сорбин қышқылдары. Алайда бұл қоспалар да жағымсыз қасиетке ие.

Натрий нитриті:

Е250 тағамдық қоспасы – тотықсыздандырғыш ретінде азот қышқылы деп аталатын тұз. Ол ет өнімдерінің алқызыл түсін сақтап қалу үшін қолданылады. Натрий нитритінің пайдасы – ботулизм қоздырушыларын өлтіретін антибактериялық қасиетке ие.

Егер натрий нитритін белгілі мөлшерден көп қолдансаңыз, ол ағзаға пайдасынан гөрі зиянын тигізеді: өйткені, улы. 65 килограмм адам үшін өлімге алып келетін мөлшер 4,6 г.  Тағам өндірісінде 1 кг өнім үшін 50 миллиграмнан аз натрий нитриті қолданылады.

Одан бөлек, натрий нитритінің тағы бір жағымсыз тұсы – оның  канцерогенділігі. Яғни, азот қышықылының тұзы ет құрамындағы аминқышқылдарымен реакцияға түседі де, нәтижесінде нитрозамин пайда болады. Олар денедегі рак жасушаларын оятып, онкологиялық ауруларды тудыруы мүмкін.  Өндірісте нитрозаминдердің туындауына жол бермеу үшін аскорбин қышқылы қолданады. Сонымен қатар, натрий нитраті мен мигрень ауруының арасында байланыстың бары анықталған. Сондықтан, Е250 тағамдық қоспасы бар өнімдерді қолданғанда сақ болған жөн.

Натрий нитраты

NaNO3 формулаға ие азот қышқылың натрий тұзы тағамдық қоспа ретінде E251 арқылы кодталады. Натрий нитратын шұжық, консерв пен ірімшік өндірісінде қолданады.

Бұл тағамдық қоспа өнімнің жарамдылық мерзімін арттырып, ет өнімдерінің жағымды түсін сақтайды.  Натрий нитраты мен нитриті екеуінің адам ағзасына тигізетін зияны бірдей. Барлығы нитрозаминдермен тікелей байланысты.

материал «Халал – шариғат талабы» кітабынан алынды,

ummet.kz

Бөлісу: