04
Сенбі,
Сәуір

һижри

Мүминнің құрметі – оның діні, көркем мінезі – оның мәртебесі

Мүминнің құрметі – оның діні, көркем мінезі – оның мәртебесі

Ислам тарихы

Пайғамбар (с.ғ.с.): «Омар бұл дінді өзі үшін таңдады. Сендердің діндеріңді сақилық пен көркем мінез ғана көркейтеді. Ендеше діндеріңді осы екеуімен зейнеттеңдер»,– деп айтқан (Даруқтуни риуаяты).

Алланың елшісі (с.ғ.с.): «Көркем мінез – Алла жаратқан нәрселерінің ұлысы», – деген (Табари). Бір күні пайғамбардан (с.ғ.с.): «Уа, Алланың елшісі! Иманы жағынан мүміндердің қайсысы абзал?» – деп сұрайды. Ол: «Мінезі көркемірек болғаны», – деп жауап береді (Әбу Дәуд). Пайғамбар (с.ғ.с.): «Адамдарға мал-мүліктеріңмен емес, (оларға) жылы жүз және көркем мінезбен асығыңдар», – деген (Баззар риуаяты). Тағы Алланың елшісі (с.ғ.с.): «Сірке судың әселді бұзатыны сияқты, жаман мінез – адамды бұзады», – деп айтқан (Ибн Хаббан). Пайғамбар (с.ғ.с.) келесі хадисінде: «Расында сен Алла көркем қылып жаратылған адамсың, ендеше мінезіңді көркемде», – деп айтқан (Әл-Хара’ити, әлсіз хадис). Барро ибн Азибтың (Алла оған разы болсын) Алла елшісінің (с.ғ.с.) хақында: «Алланың елшісі (с.ғ.с.) адамдардың арасындағы ең көркем жүздісі, ең көркем мінездісі еді», – деп айтқан (Әл-Хара’ити). Абдуллаһ ибн Омар (Алла оған разы болсын): “Алланың елшісі (с.ғ.с.) көп дұға қылып: «Ей, Алла! Мен сенен саулық пен саламат және көркем мінез сұраймын» деп айтар еді», – деген. Әбу Һурайрадан (Алла оған разы болсын) Алла елшісінің (с.ғ.с.) былай дегені жеткізіледі:

«Мүминнің құрметі – оның діні, ал көркем мінезі – оның мәртебесі»(Ибн Хиббан). Бәдәуйлер Алланың елшісінен (с.ғ.с.): «Пендеге берілген нәрселердің ең жақсысы не?» – деп сұрайды. Пайғамбар (с.ғ.с.): «Жақсы мінез», – деп жауап берді», – деген риуаятты Усама ибн Шарик айтады (Ибн Мажаһ). Пайғамбар (с.ғ.с.): «Сендердің араларыңда маған жақсыларың және қиямет күнінде жақындарың – көркем мінезділерің», – деп айтқан (Табарани). Ибн Аббас (Алла оған разы болсын): «Алланың елшісі (с.ғ.с.): «Үш нәрсе бар. Кімнің бойында осы үш нәрсенің бірі болмаса, жасаған амалы (қиямет күні) есепке алынбайды. Олар: Аллаға күнәхар болудан қайтаратын тақуалық; ақымаққа жылулық қылатындай, жұмсақтық және адамдар арасында жақсы мінезді болу», – деп айтты», – деген риуаятты жеткізеді (Табарани). Алланың елшісі (с.ғ.с.) намазды бастамай тұрып, мынадай дұға қылар еді: «Ей, Алла! Мені ең көр кем мінезге бағытта. Сенен басқасы мені жақсы мінезге бастай алмайды. Менен жиіркенетін мінезді алыс қыл. Бұл істі Сенен басқа ешкім орындай алмайды» (Мүслим). Анас ибн Мәлик (Алла оған разы болсын): «Бір күні Алланың елшісімен (с.ғ.с.) бірге едік. Ол: «Ра сында күн мұзды еріткені сияқты, жақсы мінез де қателіктерді ерітеді», – деді», – деп хабарды жеткізеді (Табарани).

Пайғамбар (с.ғ.с.): «Көркем мінез – ер кісінің бақыты», – деп айтқан (Байһақи, әлсіз хадис). Алланың елшісі (с.ғ.с.) Әбу Зарға (Алла оған разы болсын): «Ей, Әбу Зарр! (Біліп қой) ойлау сияқты ақыл жоқ, көркем мінез сияқты атақ жоқ», – деген (Ибн Мәжаһ). Умму Хабиба Алланың елшісінен (с.ғ.с.): «(Ей, Алланың елшісі!) бір әйел екі мәрте тұрмыс құрса, кейін ол әйел және оның екі ері де бақилық болып, барлығы жаннатқа кірсе. Әйел ол екеуінің қайсысымен бірге қалады?» – деп сұрайды. Алланың елшісі (с.ғ.с.): «Дүниеде қайсы күйеуі нің мінезі жақсы болған болса, сонымен қала ды. Ей, Умму Хабиба! Көркем мінезді дүние және ақыреттің жақсылығымен өлше», – деп айтады (Әл-Баззар және Табарани, әлсіз хадис). Пайғамбар (с.ғ.с.): «Дұрыс мұсылман өзінің көркем мінезі мен жомарттығының арқас ында күндіз ораза, кешке құлшылыққа бас ұрған пенденің мәртебесіне жетеді», – деген  (Ахмад).

Абдуррахман ибн Сумра (Алла оған разы босын): «Біз пайғамбардың (с.ғ.с.) құзырында едік. Ол: «Өткен түнде мен ғажайып түс көрдім. Менің үмбетімнен бір адам тізелеп тұр. Алла мен оның ортасында перде бар екен. Оның көркем мінезі келіп, оны Алла тағаланың алдына алып кірді», – деп айтты» деген (Әл-Хараи’ти, әлсіз хадис).

материал «Жан тәрбиесі» кітабынан алынды,

ummet.kz

Бөлісу: