09
Бейсенбі,
Мамыр

һижри

Сиқырды сиқырмен қайтаруға бола ма?

Сиқырды сиқырмен қайтаруға бола ма?

Ислам тарихы

Ибн Құдама былай деген:

«Сиқырды Құран аяттарымен, зікірмен, қасаммен, сөздермен шешсе болады. Ал сиқырды сиқырмен қайтаруға Ахмад ибн Ханбал қарсы болған» (Әл-Муғни, 10/114).

Ибн Хажар былай деген: «Бұған Пайғамбардың (с.ғ.с): «Нушра (сиқырды қайтару) шайтанның ісі» деген сөзімен (Ахмад, Әбу Дәуіт риуаят еткен хадис) жауап беріледі. Мұның мағынасы істің негізіне байланысты, егер жақсылық үшін болса жақсылық, ал жамандық үшін болса жамандық. Нушра екі түрлі болуы мүмкін».

Демек, нушра екі түрлі болады екен:

Біріншісі: рұқсат етілген түрі. Ол – Құран аяттарымен, негізі бар дұға, зікірлермен сиқырды қайтару.

Екіншісі: рұқсат етілмеген, тыйым салынған түрі. Ол – шайтандарға сыйыну, оларды разы ету арқылы сиқырдың күшін сиқырмен қайтару. Пайғамбарымыздың (с.ғ.с) айтып өткені осы түрі болса керек. Өйткені Пайғамбар (с.ғ.с) басқа хадистерінде сиқыршыларға, бақсы-балгерлерге баруға қатаң тыйым салып, олардың сөзін растаушының діннен шығатынын айтып өткен.

Ибн Әл-Қайим былай дейді: «Нушра сиқырланған адамның сиқырын қайтару. Ол екі түрлі болады:

Біріншісі: Сиқырды сиқырмен қайтару. Бұл – шайтанның ісі. Мұнда шайтанның көмегі арқылы сиқырдың күші жойылады.

Екіншісі: Сақтану, қорғану дұғалары арқылы қайтару. Бұл рұқсат етілген түрі».

материал «Өткір қылыш» кітабынан алынды,

ummet.kz

Бөлісу: