03
Жұма,
Мамыр

һижри

Көлік жүргізуде көркем мінезділік таныту

Көлік жүргізуде көркем мінезділік таныту

Ислам тарихы

Көлікті адам мінезіне қарай жүргізеді. Ұшқалақ, сабырсыз адамдар көлік жүргізуде де дәл солай болады. Өзге жүргізушілердің кішкене қателігінің өзін көтере алмай, ұнамсыз сөздерді айтып, ұрсысып жатады. Сондықтан бұл кезде жүргізушіге сабырлылық, кешірімділік деген сипаттар аса қажет.

Қасиетті Құранда Алла Тағала: «Әрине кім сабыр етіп, кешірімді болса, дау жоқ, істердің ең маңыздысы осы», - деген.

Жүргізушінің мінезінің көркемдігін мына істер білдіртеді:

Өзге жүргізушілер қандай мінез танытқанын қаласақ, оларға да сондай көркем мінезді болуы керек.

Қарсы жолға шыққысы келген жүргізушілерге жол беру;

Өзгелердің қателігі мен дөрекілігіне жақсылықпен жауап беру;

Жол бергендерге белгі беріп, рақмет айту;

Алдыда ақырын келе жатқан көлікке дауыс беруге асықпау. Бәлки ол дертті не көлігі сынып келе жатқан болуы мүмкін. Көп жағдайда көліктің дауысын естіген жүргізуші сасқалақтап, қастелік жасап қояды;

Көлікті таза ұстау;

Көлік ішінде отырып сыртқа қоқыс тастамау;

Көлік қақтығысы орын алып қалған жағдайда сабыр етіп, өзін ұстау.

материал «Ислам әдептерінің энциклопедиясы» кітабынан алынды,

ummet.kz

Бөлісу: