03
Жұма,
Мамыр

һижри

Қабірлерді зиярат еткенде Алладан тілек тілеуге бола ма?

Қабірлерді зиярат еткенде Алладан тілек тілеуге бола ма?

Ислам тарихы

Шариғатымыз Ислам ғұламалары мен әулие құлдардың, тіпті жалпы мұсылман қабірлерін зиярат етуге рұқсат етеді.

Пайғамбарымыздың (с.ғ.с): «Сендерді қабірге зиярат етуден тыйған едім, енді зиярат етіңдер. Өйткені, ол ақыретті естеріңе түсреді» деген хадисі бар. Сондай-ақ рухани жердің тарихымен танысу, өлілерге бағыштап құран оқу, Алладан олардың игілігіне дұға тілеу – мұстахаб, яғни сауапты амалға жатады. Ал қандай да бір топ адамдарды бабалардың басына апарып шариғатқа қайшы әрекеттер жасатып жатса дұрыс емес. Мәселен, алдына келген адамдарға пәленше бабаңның басына баруың керек, бағың байлаулы, ата-бабалардан бата алып жолыңды ашып береміз, пәленшенің басында қой соясың, түгеншенің басында түнейсің, ата-бабалардан бала сұрайсың деген секілді іс-әрекеттер шариғатымызға қайшы. Осылардың қатарына «Ақ ана», «Ата жолы» сияқтыларды жатқыза аламыз. Олардың бұл әрекеттері халықтың діни сауатсыздығын пайдаланып өз мүдделеріне жету үшін ғана жасалынып отыр.

Шариғатта рұқсат етілген нәрсе әулие-әмбиелердің құрметі үшін деп Алладан тілек сұраса болады. Бұл жөнінде толық мәліметті дінтанушы Қайрат Жолдыбайұлының «Дін мен діл» («Тәуәссул») кітабынан қараңыз.

материал «Күнделікті діни сауалдарға жауаптар» кітабынан алынды,

ummet.kz

Бөлісу: