20
Сенбі,
Сәуір

һижри

Қарызды алудың да, берудің де әдептері

Қарызды алудың да, берудің де әдептері

Ислам тарихы

Қарызды алудың да, берудің де өзіндік ережелері мен әдептері бар. Ендеше, біле жүр.

Қарыз беруші:

1. Ол ақшаның (немесе заттың) жаман істерге (ішімдік, құмар ойындары т.б.) жұмсалатынын біле тұра беруге болмайды.

2. Ақшаңыз бар болған кезде, біреу сізден отбасын асырау үшін, қиын жағдайға тап болғанда сұрап келсе, міндетті түрде беріңіз.

3. Ақшаны пайызға беруге тыйым салынады.

4. Кейін қиындық тумау үшін куәгерлер болғаны дұрыс. Егер сома қомақты болса, нотариуске жүгінген де артықтық етпейді.

5. Қарыз берудегі бір ғана мақсат – шын ниетпен сол адамға көмектесу болуы керек.

6. Қарызды кәмелетке толмағанға, балаларға және ақыл-есі кем адамдарға беруге болмайды.

Қарыз алушы:

1. Қарызды тек аса мұқтаж кезде ғана сұрау және ол ақша пайдалы істерге ғана жұмсалуы тиіс.

2. Қарызды қайтаратын күнді білмей тұрып «пәлен күні беремін» деп уәде бермеу керек.

3. Қарызды алғанда оны қайтара алатындай жұмысыңыз не басқа кіріс көзіңіз болуы тиіс.

4. Қарызды келісілген уақытта, дәл сол соманы (бір тиын да кем қылмай) қайтару керек.

5. Қарыз алушы көмектескен адамға рахметі ретінде қарызынан бөлек сыйлық жасай алады.

6. Қарызды алып, кешіктіру – жағымсыз іс.

материал «Жігіттің сұлтаны бол» кітабынан алынды,

ummet.kz

Бөлісу: