14
Жексенбі,
Желтоқсан

һижри

Қайтыс болған балалардың ата-анасына шапағаты

Қайтыс болған балалардың ата-анасына шапағаты

Ислам тарихы

Ағаштың өркен жайып, өркендеуіне оның тұқымы қалай әсер етсе, адам үшін тегін жалғастыруда баланың да алатын орны сондай.

Бірде әйел кісілер келіп: «Уа, Алланың расулы! Бізге қарағанда ер кісілер сізді көп тыңдап, көп нәрсеге қанығып жүр. Осы себепті бізге арнайы күн бөлсеңіз бола ма?» деп өтініш жасады. Хазірет пайғамбар оларға бір күн бөлді. Сол күні оларға уағыз айтып, насихат жүргізді. Әйел кісілерге айтқандарының арасында мынадай сөздер де бар еді: «Қайсыбіріңнің үш баласы өзінен бұрын өлген болса, балалар міндетті түрде ата-анасын отқа жуытпайтын перде (шапағатшы) болады».

Сонда бір әйел: «Уа, расулла, ал екі баласы өлген болса ше?» деп сұрайды. Сонда хазірет пайғамбар (с.ғ.с): «Екеу болса да» деп жауап берді.

Хадистерде өздерінен бұрын екі және одан көп баласы қайтыс болған ата-ананың егер де сауап күтіп, сабыр ететін болса жұмаққа баратынын, ал балаларының өздеріне шапағатшы болатыны білдіріледі.

«Баласы қолынан алынғанда сабыр етіп, сыйынан үміт күтсе, жұмақтан басқа сыйға Алла разы болмайды».

Балаларының дұғасымен, араға түсуімен, шапағатымен ата-анасы дәрежесін көтере алады. Қайтыс болған ата-анасының атынан балалары садақа берсе қажылық жасаса, ораза тұтса пайдасы тиеді.

Құран баланы көздің нұры, көңілдің қуанышына теңеген. «Пайғамбар, шейіт және бала – жұмақта» деп сипаттаған балалар, өмірдің сәні, нығметі және сынақ құралы болып табылады.

Ата-ана үшін баласын асырауы, сол үшін жұмыс істеуі, оны бағып-өсіруі, т.б нәпіл ғибадатқа жатады. Пайғамбарымыздың сөзімен айтқанда, Алла жолындағы іс болады. Кішкентай кезінде баласынан айырылған адамның тағдырға разылық танытып, сабырлылық көрсетуі дұрыс әрекет, ол бала қиямет күні осының сыйы ретінде Алланың рұқсатымен ата-анасына шапағатшы болады.

материал «Ақырет жайлы 100 сұрақ» кітабынан алынды,

ummet.kz


Бөлісу: