03
Жұма,
Сәуір

һижри

Марқұм үшін басқа адамдар бұл дүниеде не жасай алады?

Марқұм үшін басқа адамдар бұл дүниеде не жасай алады?

Ислам тарихы

Бақи қабірінде дұға еткенінде, хазірет Айша анамыздың қойған сұрағына пайғамбарымыз «Маған олар үшін дұға ету бұйырылды», «Өлген ткісіге жаназа намазын оқығанда, шын көңілден дұға етіңдер» деген.

Истиғфар – мәйітті жерлегеннен кейін «Бауырларың үшін кешірім тілеңдер және оған тәсбит (сұрақтарға қиналмай жауап беруін) тілеңдер. Өйткені, ол қазір сұраққа тартылуда» деген.

«Алла Тағала ізгі құлының жұмақтағы дәрежесін көтереді. Сонда ол «Уа, Раббым! Бұл (көтерілу) қайдан (не себепті) келді?» деп сұрайды. Хақ Тағала былай дейді: «Балаңның сен үшін тілеген кешіріміне байланысты». Қайтыс болған кісі үшін кешірім тілей аламыз.

Садақа: Бір кісі «Уа, расулла! Еш күтпеген жерден анам қайтыс болды, өсиетін айта алмады. Айта алғанында садақа беретін еді деп ойлаймын. Егер мен оның орнына садақа берсем, марқұмға сауабы тие ме? Деп сұрағанда, Пайғамбарымыз (с.ғ.с) «Иә» деп жауап берді.

Өлген кісі үшін садақа бере аламыз.

Өлген кісінің қарызын төлеу: Оған пайдалы іс жасап, қарыздан құтылауына себеп болады.

Қарыз оразасын тұту: «Кім қарыз оразасы бар күйінде қайтыс болса, оның оразасын өкілі тұтады».

Қажылыққа бару: Қажылықтың сауабы да өлген кісіге жіберіледі.

Әхли сүннет ғалымдары Құран оқудың сауабы марқұмға тиер-тимесін көп талқылаған. Айналып келгенде, егер мән-мағынасын түсініп Құран оқыса, осы іске себеп болғаны үшін әрі Алланың рұқсатымен сауабының марқұмға тиетінін айтады.

материал «Ақырет жайлы 100 сұрақ» кітабынан алынды,

ummet.kz


Бөлісу: