21
Сенбі,
Қыркүйек

һижри

Мұсылман үшін сүйкімді үш нәрсе

Мұсылман үшін сүйкімді үш нәрсе

Ислам тарихы

Әнәс бин Маликтен (р.а.) риуаят етілген хадисте Хазіреті Пайғамбар (с.а.у.) былай депті: «Маған дүниеде үш нәрсе ерекше сүйкімді: әйел, хош иіс және көзімнің нұры болған намаз» (Ахмед ибн Ханбәл 3/128, 199; ән-Нәсай, Нәшратун-Ниса 10).

Хадиске түсініктеме:

Хазіреті Пайғамбар (с.а.у.): «Маған дүниеде үш нәрсе сүйкімді» дегенде ең алдымен әйелді айтқан. Өйткені, үмбетінің көбеюі мен Ислам дінінің құпия сырларын білу әйелдер арқылы болмақ. Мұсылман әйелдер ерлерден сұрауға ұялатын нәрселерін білімді әйелдерден сұрап үйренеді. Осылайша Исламның кең етек алып таралуына өз септіктерін тигізеді. Ақыретте ең көп үмбет Пайғамбарымыздың (с.а.у.) үмбеті болады. Өйткені, Хазіреті Пайғамбар: «Үйленіңдер, көбейіңдер, нәсіл таратыңдар! Қиямет күні сендердің көптіктеріңді мақтаныш тұтамын» деген. Тағы бір хадисте:

«Әйелі жоқ кедей – нағыз кедей» - дейді.

Сонда бір сахаба:

- Мал-мүлкі болса да ма? - деп сұрайды. Пайғамбарымыз (с.а.у.):

- Малы көп болса да - деп жауап беріп сөзін былай деп жалғастырады:

- Күйеуі жоқ әйел де – кедей, кедей. Сахабалар:

- Мал-мүлкі көп болса да ма? - деп сұрады. Пайғамбар (с.а.у.):

- Малы көп балса дa, - деп жауап береді. Мұнда Пайғамбарымыз үйленіп отау тігудің маңыздылығын білдірген, тілге тиек еткен. Екінші ретте хош иісті айтуының себебі: хош иістің періштелердің тамағы болғандығын, яғни Хазіреті Пайғамбар (с.а.у.) тәндік тұрғыдан әйелдің, рухани тұрғыдан хош иістің сүйкімділігін баяндайды. Бірақ, осылардың арқасында намазға ерекше орын берген. «Көзімнің нұры болған намаз» деген сөзінен мұны айқын көруге болады.

Алла Тағала Құранда былай деген: «Әй, мүминдер! Сабыр және намазбенен Алладан жәрдем тілеңдер. Күдіксіз Алла Тағала сабыр етушілермен бірге» (Бақара сүресі: 153-аят). Хадисте баяндалғандай Хазіреті Пайғамбардың (с.а.у.) басына қиын-қыстау іс түскенде намаз оқитын делінген.

Намаз, дүние мен ақыретте мүминдер үшін көздің нұры етілген. Мүминдер осы нұрдың себебімен жұмаққа кіретіндіктері де айтылған.

материал «Әйелдер тұрғысында 40 хадис» кітабынан алынды,

ummet.kz

Бөлісу: