17
Сәрсенбі,
Желтоқсан

һижри

Ислам бауырластығы бәрінен жоғары

Ислам бауырластығы бәрінен жоғары

Ислам тарихы

Хазіреті Пайғамбар (с.ғ.с) алғашқы мұсылмандарды иләһи мейіріммен, ілтипатпен көктем мезгілі сияқты құшақтаған, бір-біріне дұшпан болған Араб рулары ерекше бауырластық күйінде сүйіспеншілікпен араласты.

Бұл ақиқатқа аятта былай назар аударылған:

«Барлықтарың, түгелімен Алланың жібін (Исламды) бекем ұстаңдар, бөлшектеніп, айырылмаңдар. Сондай-ақ Алланың сендерге берген нығметін естеріңе түсіріңдер. Бір кезде сендер бір-біріңмен дұшпан едіңдер, Алла жүректеріңді (Исламға бұрып) жақындатқан еді. Міне Оның (осы) нығметінің арқасында (діндес) бауыр болып едіңдер...» (Әли Имран, 103).

Хазіреті Мәуләна Ислам бауырластығын тамаша түсіндіреді:

«Хазіреті Пайғамбар (с.ғ.с) «Мұсылмандар бір жан сияқты» деген. Шынымен, бір дене болды. Бірақ Алла Расулының арқасында болды. Әйтпесе әрбіреуі екіншісінің нағыз дұшпаны еді. Мәдинада Әус пен Хазраж есімді екі ру бар еді. Бұлар бір-бірінің қанын ішердей қас дұшпан еді.

Хазіреті Мұстафаның фәйізімен және Исламның нұрымен олардың ескі өшпендіктері жоқ болыпкетті. «Ол дұшпандар бастапқыда баудағы жүзімдер сияқты, жүзім шағындағы даналар сияқты бір-біріне байланысты еді, бір-бірінің бауыры еді. Бірақ «Мүминдер – бауыр» – аяты түскеннен кейін оның ұшқынымен, руханиятымен сығылған жүзім даналарындай шырын күйіне енді. Олар шын мәнінде біте қайнасып, бауыр болды».

Жәһілия дәуірінде зұлымдық пен азғындық, надандық пен жан түршігерлік қан дауларымен қан көліне айналған бәдәуи шөлдері Исламның нұрымен әдемі мәдениет бағына айналды. Бүгін бізге қиелі мирас ретінде жеткен Ислам бауырластығы сол бақыт шағының берекеті. Ислам бауырластық жүйесінің арқасында мүминдер ұлт, қауым, мамандық және мәзһәб сияқты әр түрлі болғанымен, ғасырлар бойы бірлік пен бірлестік қуанышымен өмір кешкен. Бұл қуанышты жоғалытып алу жеке адам мен қоғам үшін ең үлкен қасірет. Бірлік пен бірлестіктің тамырына балта шапқан нәпсіге тиісті іс-қимылдардың менмендік сөздерінің саясат пен басшылық жанжалдарының, ашу мен жиіркеніштің бір ғана шешімі – «Ислам бауырластығы».

Алла үшін арналған шынайы бауырластық түрлі дене мүшелерінің бір жүрекпен өмір сүргеніндей. Алланың мейірімі мен берекеті бір және бірге болғандарға түседі. Қуат пен тәуфиқ бірліктен туады.

Белгілі оқиға:

Даналық иесі адам төсегінде жатып, ұлдарына өсиетінайтып жатқанда бірнеше шыбық әкелуін сұрайды. Кейін алып келген шыбықтарды буып байлап, ұлдарына:

«Қане, енді мұны сындырыңдар» – дейді. Ұлдары сындыра алмайды.

«Енді шыбықтарды шешіп, бір бірден алыңдар. Көрейік, сындыра аласыңдар ма?» – деген.

Әрқайсысы бір таяқтан алып, сындырады. Адам ұлдарына:

«Ұлдарым! Міне, сендер менен кейін осы шыбықтар сияқтысыңдар. Бірге тату болғанда ешкім сендерді жеңе алмайды. Егер айырылып кетсеңдер, лезде сынасыңдар да, шашылып кетесіңдер! – деп, өмір бойы бір және бірге болуларын қалаған.

Алла үшін бір-біріне сүйіспеншілікпен қарап, берік иыққа сүйеніп бірге күш жұмсап тырысқандар аят кәримәда былай мақталады: «күдіксіз, Алла Өзінің жолында мықты қаланған қабырғалар сияқты, сап түзеп соғысқандарды жақсы көреді» (Саф, 4).

Хадис шәрифте де мүмнидердің қалай бір дене, бір жүрек болу керектігі жайлы былай баян етілген: «Мүмин мен мүминнің жағдайы бір бөлігі екінші бір бөлігін мықты тіреп тұрған ғимараттар сияқты».

Хазіреті Пайғамбар (с.ғ.с) мұны түсіндіргенде екі қолының саусақтарын бір-бірі арасына өткізіп, байлаған» (Бұхари, Салат, 88, Мүслим, Бирр, 65).

Хақ досы Мәуләна Хазірет те: «Сый иелері сегіз мың адам болса да бір адамнан көп емес» деген.

материал «Хақ достарының үлгілі мінез-құлқы» кітабынан алынды,

ummet.kz

Бөлісу: