14
Сейсенбі,
Мамыр

һижри

Әйел ұстаздардан білім алған ислам ғұламалары

Әйел ұстаздардан білім алған ислам ғұламалары

Ислам тарихы

Ислам тарихында әйелдердің рөлі тек үй шаруасымен және отбасына көңіл бөлумен шектелмеген.

Ерте ғасырлардағы пайғамбарлық хабарларды жеткізушілердің арасында біз көптеген әйелдердің есімдерін кездестірсек, орта ғасырларда медресенің оқытушыларының арасында әйелдер де болған, тіпті белгілі ислам ғалымдары бұл әйелдерді ұстаздарының арасына қоюға ұялған жоқ.

Оған дәлел: Атақты сириялық тарихшы Ибн Асакир әл-Димашки және Имам Науауи өзінің ұстаздарына сілтеме жасап, олардың арасында, шамамен, 80 әйел ұстаз болғанын айтады.

Ибн Хаджар әл-Асқалани өзінің «дурар әл-камина» еңбегінде сегізінші ғасырдағы хижраның 170-тен астам әйел ғалымдарының қысқаша өмірбаянын келтіреді, олардан хадис және басқа да діни білімдерді оқыған. Оның үстіне ол осы әйелдердің кейбірі өз заманының ең жақсы хадис сарапшылары болып саналғанын айтады (Ғалымның өз анасы, әйелі, қарындастары да мухаддис үлкен білім иелері болған).

Абдул-Азиз ибн Омар ибн Фахд «Мужам аш-шуюх» кітабының авторы.Ол кітапта 1100-денастамғалымның өмірбаяны жазылған болса, оның ішінде 130-ы әйел адам екендігін көруімізге болады. Ал атақты мухадис Әбу Муслим әл-Фарахайди білімді 70 шейхадан сабақ алды. ⠀

Имамәс-Суюти  хижра бойынша көптеген мухадис, фақиһа және хафиза болған әйелдерден білім алды. Ол құрастырған «Бугят уль-Ууа» еңбегінде өзі оқыған (яғни білім алған) әйелдер тізбегін атап өтті. Шейх атап өткен әйелдердің тізімінің ішінде бірінші орында тұрған – Умм Хани Хасан әл-Хаурайни.

Содан кейін: Хажар бинт Мұхаммед әл-Мисрия, Умм әл-Фадл бинт Мұхаммед әл-Мақдисия, Нашуан бинт Абдулла әл-Канани, Камалия бинт Мұхаммед Ибн Әбу Бәкір әл-Джурджани, Аммат әл-Халик бинт Абдул-Латиф әл-Акабия, Аммат-Азиз бинт Мұхаммед әл-Амбасия, Фатима бинт Али Ибн әл-Ясир. Хадиджа бинт Абул-Хасан әл-Мулкин және т.б.

Ерте ғасырларда білім талап етуде әйел адамдардың да өз үлесі болғанын байқадыңыз ба? Бұдан бөлек, аш-Шафии, әл-Бухари, Ибн Халкан және Ибн Хиббан сияқты (Алла оларды рахымына алсын) көптеген ғұламалардың да әйел адамдардан сабақ алғаны баршамызға белгілі. «Аудат әл-Хиджаб». 2 /565-580.

материал «Әйел мен ілім» кітабынан алынды,

ummet.kz

Бөлісу: