Құрманы жәннәттың жемісі дейді. Себебі, бұл туралы Құранда бірнеше рет баяндалған.
Бірақ, мына құрма тіптен ерекше. Оны АЖУА деп атайды. Бұны ардақты Пайғамбардың (с.а.у.) өзі сүйіп жеген екен. Бір хадисінде: «Кімде кім таң атысымен ажуаның 7 данасын жесе сол күні оны ешбір у не сиқыр ала алмайды», – деген (Бұхари). Ажуаның пайдасын айта берсе өте көп. Айталық:
– жүрек соғысын қалпына келтіреді
– қан қысымын жақсартады
– нерв жүйелерін қалыптастырады
– тіс өзектерін қатайтады
– көруі нашар адамдардың көзін жақсартады.
– шаштың түсуінің алдын алады және т.б.
Сонымен қатар ажуа құрмалардың ішінде бағасы ең қымбаты болып саналады. Қажеттілік туындаған жағдайда дәрігерлер оны аспен бірге аталмыш ауруларға тосқауыл болу үшін көптеп жеуге кеңес те берген.
материал «40 сүннет» кітабынан алынды,
ummet.kz