18
Сенбі,
Мамыр

һижри

Егер ғайбаттауды ұнатып, одан құтыла алмай жүрсең…

Егер ғайбаттауды ұнатып, одан құтыла алмай жүрсең…

Ислам тарихы

Ғайбат – құл ақысын жеуге жатады. Әрі құл ақысын жеудің ең жаман түрі.

Ғайбат кірген жерден бауырмалдық, сүйіспеншілік шығып кетеді. Пайғамбарымыз (с.ғ.с) айтады: «Қиямет күні пенде таудай үйінді ғибадатпен келеді де, ғайбат жасаған адамына соларды береді. Сауабы таусылған кезде ғайбат еткен адамының күнәларын мойнына ала бастайды».

Хасан Басри Хазіреті «Егер ғайбаттауды ұнатып, одан құтыла алмай жүрсең, тым болмаса, өзгені емес, әкең мен шешеңнің ғайбатын жаса, тапқан сауаптарыңды солар алсын», – дейді. Сондықтан мүмин ауызына қара құлпы іліп қоюы керек. Сөйлемесек, ештеңе жоғалтпаймыз. Бірақ біз аузымызды аша бастаған мезеттен бастап, ардақты жазушылар жаза бастайды. Әсіресе әйелдер бұған қатты абай болсын.

Мүмин біреудің көңілін табуға тырысып, көңіл қалдырудан, ренжітуден сақ болуы қажет. Біреудің көңілін тапқан сайын Аллаға жақындай түсеміз. Біреудің көңілін түсірген сайын ол бізді Алладан алыстата береді.

материал «Махаббат бағынан гүл көшеттері» кітабынан алынды,

ummet.kz


Бөлісу: