Бауырым, жасаған істеріңнің таразыға тартылуы және сауап-күнә дәптеріндегі парақтардың ары-бері ұшатыны әрдайым есіңде болсын.
Өйткені адамдар сұраққа тартылғаннан кейін төменгі үш топқа бөлінеді:
1) Жасаған ешбір жақсы ісі болмағандар.
Тозақтан қап-қара мойындар созыла шығып, мұндайларды құс шоқығандай іліп алып, оралып тұрып отқа лақтырғанда от оларды дереу жалмап алады. Олардың жаман нәтижеге душар болғанын қатты дауыспен жар сала естіртеді.
2) Ешбір жаман іс жасамағандар
Бір періште қатты дауыспен: «Қандай жағдайда болмасын Аллаға мақтау айтқандар орындарынан тұрсын!» – деп жар салады. Бұл топ сөйтіп пейішке жол тартады. Содан соң түндерін ғибадатпен өткізгендер, содан соң сауда-саттық Алланы зікір қылудан (намаздан) ала алмағандар да солай шақырылғаннан кейін олардың бәрі шексіз бақытқа жеткені қатты дауыспен естіртіледі.
3) Жақсы істерді де, жаман істерді де жасағандар
Пенделердің көбі сол түрге кіреді. Олар жақсы істері немесе күнәларының қайсысы басым екенін білмесе де ұлы Алла оны жақсы біледі. Бірақ кешірсе ұлылығы, жазаласа әділеттілігі ашық-айқын білінуі үшін Алла Тағала олардың жасаған істері туралы үкімін мұқият көрсетуді қалайды.
Міне, сондықтан сауап және күнә істер жазылған дәптердің парақтары желге ұшқандай біртіндеп ұшады және таразы құрылады. «Оң бетінде жазу бар ма не сол бетінде ме?» – деп дәптерге қараған көздер сол сәтте-ақ «оң табағы ауыр баса ма не сол табағы ауыр баса ма?» – деп таразыға қарайды.
Бұл көрініс кісілердің миын қайнататындай қорқынышты.
Хасан Басридің айтуы бойынша, бір күні Пайғамбарымыз (с.а.с.) басын әзірет Айшаның тізесіне қойып ұйықтап қалады. Сол сәтте ақырет туралы ойлаған Айшаның
(р.а.) көздері жасаурап, жағынан төмен сызылып аққан көз жасы Пайғамбарымыздың (с.а.с.) жүзіне тамады. Адамзаттың Асыл Тәжі (с.а.с.) ойланып кетіп: «Айша, неге жылап жатырсың?» – деп сұрайды. Әзірет Айша: «Ақыретті еске алып, соған жыладым. Сендер, еркектер, қиямет күні жұбайларыңды еске аласыңдар ма?» – деп сұрайды. Пайғамбарымыз (с.а.с.) оған былай деп жауап береді: «Жаным қолында болған Аллаға ант етейін: «Ақыретте үш сәтте әркім өзін ғана ойлайды:
Біріншісі, таразылар қойылып, пенденің жасаған істері тартылып жатқанда әркім жасаған жақсы ісі ауыр баса ма не жеңіл ме деп ойлап, соны көргенге шейін өзін ғана ойлайды.
Екіншісі, сауап-күнә дәптерлері таратылып жатқанда. Бәрі дәптері оңнан берілерін не солдан берілерін көргенге шейін басқаны ойлана алмайды.
Үшіншісі, Сыраттан өтерде де әркім өзін ғана ойлайды».
Әнәс ибн Мәлик (р.а.) айтады: «Қиямет күні адам баласы Алланың алдына әкелініп, таразының екі табағының ортасына тұрғызылып, жанына бір періште қойылады. Таразыда сауаптары ауыр басқанда басындағы періште жалпыға естілетіндей қатты дауыспен: «Пәленше мәңгілік бақытқа жетті!» – дейді. Ал енді таразыда жақсы істері жеңіл басқанда, сол сәтте періште: «Пәленше нәтижесі жаман бақытсыздыққа ұшырады!» – деп дауыстайды. Сауап жағы жеңіл болғанда қолдарына темір күрсі алған, оттан киім киген азап беруші періштелер келіп, тозаққа баратын кісіні алып кетеді.
Пайғамбарымыз (с.а.с.) Қиямет күні туралы былай деген: «Қиямет күні келгенде Алла Тағала Адамға (а.с.): «Уа, Адам, орныңнан тұрып, тозақ керуенін тозаққа жібер», – деп айтады. Адам «Тозақ керуені қаншалық?» – дегенде, Алла Тағала: «Әр мыңкісінің тоқсан тоғызы», – деп жауап береді. Пайғамбарымыздың (с.а.с.) ақырғы сөзі сахабаларды терең ойға салып, үнсіз отырып қалды. Алла Елшісі (с.а.с.) олардың қайғырғанын байқағанда: «Сендер жақсы істеріңді жалғастырыңдар және Мұхаммедтің жанын қолында ұстаған Аллаға ант етейін, сендермен бірге екі тайпаел бар. Олар қайсы үмбеттің дәуірінде жасаса, сол үмбеттің санын бүтіндейадамзат және шайтандардың өліктерінің санындай көбейтеді. Соған қуаныңдар», – деді. Сахабалар: «Бұл екі тайпа кім?» – деп сұрағанда, Пайғамбарымыз (с.а.с.): «Яжуж және Мажуж», – деді. Сонда сахабалардың көңілі біраз жайланды. Алла Елшісі (с.а.с.) сөзін одан ары жалғастырып: «Жақсы істерді жалғастырыңдар. Сендерге сүйінішті хабар бар! Мұхаммедтің жанын қолында ұстаған Аллаға ант етейін: «Қиямет күні сендер адамдардың арасында түйенің қарнындағы дақ не аттың аяғындағы жараның ізіндей аз санда болып қаласыңдар» деді.
Ей, уақытша дүниенің азғыруына алданған пенде! Көшіп кететін жерің жайлы басыңды ауыртудың орнына көшіп баратын жайың туралы ойлан! Өйткені тозаққа барлық пенде баруы мүмкін екені саған білдірілген.
Алла Тағала былай дейді: «(Уа, адамдар!) Сендерден жаһаннамның басына бармай қалатын (соқпай кететін) ешкім болмайды. Бұл – Раббыңның (мөрі басылған) кесімді үкімі. Содан кейін Аллаға асылық қылудан қорыққан тақуа жандарды құтқарып, есесіне (Аллаға өзгелерді серік етіп қосу һәм күпірлік қылу арқылы ең үлкен зұлымдықты жасаған) залымдарды жаһаннамда тізе бүккен күйі қалдырамыз» («Мариям» сүресі, 71-72).
Демек, сенің тозаққа барарың анық болғанына қарамай, одан қайта шығарың да күмәнді. Оған кіріп қалу қорқынышын жүрегіңде сезсең, бәлкім, ол жерге түсуден сақтанасың.
Адамдар ақырет азабынан қиналып, ол күні қорқу және қиыншылықпен тікесінен тік тұрып, бастарына нелер келетінін білуді және құтқарушылардың шапағатын күтеді. Міне, сол сәтте күнәһарларды күйдірген бұлттар қаптап, жалындаған от оларды орап алады. Бұл оттың гуілдеген үні бәріне естіледі. Оның у шашып, күркіреп күйгені естілгенде күнәһарлар бастарына келген бәлені анық түсінеді. Тіпті жақсы пенделер де жағдайларының нашарлауынан қорқады.
Забанилердің (азап беруші періштелердің) бірі: «Фәни дүниеде өмір сүріп жатқанда құрғақ қиялдардың жетегінде кетіп, өмірін жаман істерге қорлатқан пәленше ұлы түгенше қайда?» – дегенде, азап періштелері күрсісін қолға алып, сол кісінің алдына ентелеп барады. Қорқытып, үркітіп, ауыр азапқа тартады. Оның басын тозақтың дәл ортасына бұрады да, Құранның тілімен: «(Содан кейін әлгі кәпірге): «Ол енді (жаһаннам азабының дәмін) тат! Сен (дүниеде өз пайымдауыңша бәрінен) үстем әрі құдіретті һәм асыл текті бекзат емес пе едің?!» («Духан» сүресі, 49) деп айтады.
Сонда пенде тар, шығар жері белгісіз бір жерге қамалады. Бұл жай – күнәһарлардың мәңгілік баспана қылатын жайы, ол жерде от күйіп тұрады. Тозақылардың ол жердегі сусындары – қайнаған су, тұрағы – «жахим» (тозақтың бір қабаты). Тозақыларды бір жағынан забанилер тоқпақтаса, екінші жағынан «хауия» (жалынды от) оларды бір жерге жинайды. Олардың жақсылықтан үміті үзілген, аяқтары маңдайларына байланған. Күнәлар жүздерін қарайтқан. Тозақтың әр бұрышынан «Уа, Малик (тозақтағы періште), қорқынышты ақыбетке душар болдық. Уа, Малик, күрсінің соққысына шыдай алмай қалдық. Уа, Малик, теріміз күйдірілді. Уа, Малик, бізді бұл жайдан шығар, енді бұлай жасамаймыз» деп айқайлайды.
Забанилер осылай айқайлаушыларға: «Бұл азаптан құтыла алмайсыңдар. Үндемеңдар! Егер бұл жайдан шығарылсаңдар, қайтадан арам нәрселерге ораласыңдар», – деп жауап береді.
Забанилердің бұл жауаптарын естіген тозақылар азаптан құтылудан үміт үзеді. Дүниеде Алла тыйым салған істерді жасап, күнә жасағанына қайғырады. Бірақ өкініш те, қиыншылық та олардың қайғысын баса алмайды. Керісінше шынжырларға байланып, етпетінен жатқызылып, алдынан, үстінен, оң-солынан жалын жалмап, от дариясына батады.
Жегені от, ішкені от, кигені от және жатқан жерлері от болады. Олар от үйінділерінің, от киімдердің, темір күрсінің соққыларының және шынжырлардың алдында езіледі. Тозақ оты оларды ошақтағы қазаннан бетер бұрқылдата қайнатады.
Айғайлап шыңғырады. Олар шыңғырған сайын бастарынан төмен ішек-қарнын және терілерін күйдірген қайнаған сулар төгіледі. Олар үшін дайындалған күрсілер бар. Тозақылардың ауыздарынан ірің ағып, қатты шөлдеп, өзектері өртенеді. Көз қарашықтары ағып, жақ төмен салбырайды, шаштары түсіп, жақ еттері, бүтіндей денесінің терілері сыпырылады. Терілері күйген сайын оның орнына жаңадан тері қаптайды. Еттері сылынып түсіп, қаусаған сүйектері қалады. Жандары тамырларында ғана болады. Оттың ішінде шыжғырылады. Өлгісі келеді, бірақ өле алмайды.
Оларды мынадай көріністе көрсең қандай жағдайда қалар екенсің. Бастарынан төмен төгілген қайнаған сулар жүздерін қап-қара қылып, көздері соқыр болып, тілден қалады. Белдері сынған, сүйектері ажыраған, құлақтары кесілген, терілері үзік-үзік болып, қолдары мойындарына байланады. Аяғы аспаннан келіп, оттың үстінде сүңгиді. Көздері қызарған темірлерге қадалып, жалындаған от ішек-қарнын жалмайды.
Тозақтың жылан, шаяндары денелеріне жабысады. Біз суреттеген нәрселер тозақтың кейбір жағдайларын бейнелейді. Енді олардың қорқынышты жағдайларының кеңірек суреттелуіне назар сал.
Пайғамбарымыз (с.а.с.) былай дейді: «Тозақтың жетпіс мың даласы, әр даланың жетпіс мыңнан жылғасы бар. Әр жылғада жетпіс мың жылан мен жетпіс мың шаян бар. Кәпірлер мен екі жүзділер бұл жылғалардың әрбірін басып өтпейінше баратын жеріне жете алмайды».
Әзірет Алидің риуаяты бойынша, Пайғамбарымыз (с.а.с.) былай дейді: «Қайғы құдығынан не даласынан Аллаға сиыныңдар». Естіп отырғандардың бірі: «Уа, Алланың Елшісі, қайғы құдығы не даласы деген не?» – деп сұрады. Алла Елшісі (с.а.с.): «Ол – тозақтағы бір дала. Тозақтың өзі одан қорғауды күніне жетпіс мәрте Алладан сұрайды. Алла оныҚұранды жұртқа көрсету үшін оқығандарға дайындаған».
Жеті қабат тозақ пен оның далалары және әр даладағы жылғалар солар. Бұл далалар мен жылғалардың саны жер жүзіндегі далалар мен жылғалардың және күнәға айтақтаған оңбаған нәпсінің қалауларының санына тең. Тозақтың есіктері күнә жасағанда қолданылған жеті мүшенің санындай (жеті мүше үшін жеті есік).
Тозақтың есіктері және қабаттары бар. Ең үстіңгі қабат – «жаһаннам», содан соң «сақар», «лаза», «хутама», «саир», «жахим», «хауия».
Тозақтың тереңдігі туралы ойлашы: дүние туралы қалауларыңның түбі жоқ һәм бұл дүниеде әрбір тілекке жеткен сайын басқа тілекке жетуге түрткендей, тозақтың шұңқырларының тереңдігі де шексіз.
Әбу Һурайра (р.а.) айтады: «Бір күні Пайғамбарымызбен (с.а.с.) бірге отырғанда, жаңырған дауыс естілді. Алла Елшісі (с.а.с.): «Бұл дауыс не екенін білесіңдер ме?» – деп сұрады. Біз: «Алла және Оның Елшісі жақсы біледі», – деп жауап бердік. Пайғамбарымыз (с.а.с.): «Сендерге естілген дауыс тозақтың түбіне жаңа ғана құлап түскен тастың үні. Бұл тас тозаққа жетпіс жыл бұрын лақтырылған», – деді.
Сондай-ақ тозақтағы қабаттардың айырмашылығына да көңіл бұр. Адамдардың дүниеге берілуі әртүрлі болғандай, тозақтың күнәһарларды тартуы да әрқалай.
Өйткені Алла кішкентай да әділетсіздік жасамайды. Тозақыларға берілетін азаптар жай ғана қайталана бермейді. Әрбір азаптың күнәлардың дәрежесіне сай айырмасы бар. Бірақ тозақтың азабы баршасынан өте қатты. Ең жеңілі – азап тартқан тозақыға бұл дүние мен ондағы барлық байлық арналса да ол азаптан құтылу үшін соның бәрін бергенге разы болмақ.
Пайғамбарымыз (с.а.с.) айтады: «Қиямет күні тозақылардың арасында ең жеңіл азап тартқандар оттан жаратылған екі аяқкиім киіп жүреді. Олардың табанынан
тиген оттың ыстығы миларын қайнатады».
Сен сол жеңіл азап тартқан кісінің қиыншылығына қарап, ауыр азап тартатындардың жағдайы қандай болатынын елестет. Тозақ азабының ауырлығы туралы күмәндансаң, саусағыңды отқа тосып, сол ауруды тозақпен салыстыр.
Бұл салыстыруда жаңылып жатқаныңды да ұмытпа. Өйткені бұл дүниенің оты мен тозақтың оты бір-бірінен мүлдем басқа. Бірақ бұл дүниедегі ең жан ауыртқан нәрсе сол отқа күю болғандықтан, тозақ оты сонымен танытылады.
Тозақтың ең үстіңгі қабатында азап тартқандар бұл дүниедегідей от болса, сонымен азапталуға разы болып, шыдамақ.
Міне, сондықтан кейбір риуаяттарда: «Бұл дүниедегі от жандылар шыдай алатындай дәрежеге түскенге шейін жетпіс мәрте мейірім суына салынды», – деп айтылады. Пайғамбарымыз (с.а.с.) тозақты суреттегенде: «Алла тозақтың мың жыл бойы жағылуын бұйырды, сонда олқып-қызыл болды. Содан соң тағы мың жыл жақтырғанда аппақ болды, содан соң тағы мың жыл жағуға бұйырғанда қап-қара
болды. Қазір тозақ оты қап-қара» деген.
Алла Елшісі (с.а.с.) айтады: «Тозақ оты Жаратқан Иесіне «Уа, Жаратқан Ием, ішімдегі суық және ыстық бөлімдер бір-бірін жеп жатыр» деп арызданды. Сонда Алла Тағала тозаққажазында және қысында, жылына екі мәрте дем алуға рұқсат берді. Шілденің ми қайнатқан ыстығы тозақтың ыстығынан болғандай, қыстың сүйектен өткен суығы да тозақтың мұздай отынан».
Әнәс ибн Мәлик (р.а.) айтады: «Фәни дүниенің ең рақат өмірінде тіршілік еткен кәпірді Алланың алдына алып келгенде: «Оны бір мәрте тозақ отына салып шығарыңдар», – дейді. Тозақтан шығарылған соң: «Дүниеден рақат көрдің бе?» – деп сұралғанда, кәпір «Жоқ, көрген емеспін», – деп жауап береді».
Ал енді бұл дүниеде материалдық жақтан көп қиыншылық тартқан пенде Алланың алдына әкелінгенде: «Оны бір мәрте пейішке кіргізіп шығарыңдар», – деп бұйырады. Пейіштен шығарылған мүмин «Дүние өмірінде еш қиыншылық тарттың ба?» деген сұраққа «Жоқ», – деп жауап береді.
Әбу Һурайра (р.а.): «Мына біздің мешітте жүз мың не одан да көп кісі жиналса және олардың үстіне тозақтың лебі үрленсе, бәрі күйіп өлмек», – деп айтқан.
Ғалымдардың бірі Құранның «Онда жүздерін тозақ оты жалап күйдіргенде, бет-терілері мен еріндері құрысып, тістері ақсиып қалады» деген мағынадағы аяты туралы: «Тозақтың жалыны тозақыларды бір мәрте жалағанда сүйектерді жалаңаштап, барлық етін ерітіп, аяқ астына ағызады», – деп айтқан.
Енді тозақылардың денесінен аққан және тозақыларды көміп қалатын «Ғассақ» атты қан-іріңнің иісін еске ал. Әбу Сағид әл-Худридің (р.а.) риуаяты бойынша, Пайғамбарымыз (с.а.с.): «Тозақтың ғассақ атты іріңінен бұл дүниеге бір шелек төгілсе, жер бетіндегі барлық жандыларды сасытып жібереді» деген.
Тозақылардың сусыны міне сол ірің. Олар қаны қатып, шөлдеп, «су, су!» деп жалбарынғанда арасынан біреуіне сол қан аралас ірің ұсынылады. Ол іріңді ұрттағанымен жұта алмайды. Әр тараптан жан алатындай қорқыныштар болып тұрғанымен өлуге мүмкіндік болмайды.
Алла Тағала былай дейді: «Ей, хақ жолдан адасып, (ақиретті) жоққа шығарғандар, содан кейін мына сендер міндетті түрде Заққум ағашының жемісінен жейтін боласыңдар. Жеп-жеп, қарындарыңды сонымен лықа толтырасыңдар. Оның үстіне қайнаған су ішесіңдер. Құдды әбден шөлдеп келіп суға бас қойған түйелерше сіміресіңдер». («Уақиға» сүресі, 51-55).
«Ол – жалындаған жаһаннамның шыңырау түбінде өсетін ағаш. Жемістері құдды шайтандардың бастары сияқты. Тозақылар сол ағаштың жемісін өлгенше жеп, қарындарын лықа толтырып (қампайтып) алады. Содан кейін оларға заққұмның артынан ішетін бұрқ-сарқ қайнаған сусын беріледі. Содан соң олардың қайтар жері, шүбәсіз, жалындаған жаһаннам болмақ»328 («Саффат» сүресі, 64-68).
«Олар қызуы қатты жалынды отқа тасталып шыжғырылады. Оларға тек бұрқ- сарқ қайнаған қайнардан ғана су беріледі» («Ғашия» сүресі, 4-5).
«Өйткені Біздің дәргейімізде оларды сарыла күткен бұғаулар мен жалын атқан жаһаннам бар. Оған қоса, өңештен өтпей тұрып қалатын тағамдар мен жан төзгісіз азап бар» («Муззаммил» сүресі, 12-13).
Ибн Аббастың (р.а.) риуаят еткені бойынша, Пайғамбарымыз (с.а.с.) былай дейді: «Заққумның бір тамшысы дүниедегі теңіздерге төгілсе, барлық жандылардың денсаулығын бұзады. Енді жеген тамағы сол болғандардың жағдайын елестетіп қой».
материал «Жүрек сырлары» кітабынан алынды,
ummet.kz