24
Сәрсенбі,
Сәуір

һижри

Жан түкпірінде сақталған иман – тәухид

Жан түкпірінде сақталған иман – тәухид

Ислам тарихы

Арабтар қаншалықты жаһилия уақытында надандық қамытын кисе де, жүрек түкпірінен суырып алып тастай алмаған, саналарының бір бұрышында қалған, жойып жіберуге күші жетпеген, бір құдайға деген сенім бірге келе жатқан еді.

Олардан «Көктер мен жерді кім жаратты?» деп сұралса, ширкпен былғанса да, «Барлық нәрсеге құдіреті жететін бір құдай жаратты» деп жауап қатар еді. Құран дәл осы жағдайды әңгімелеп тұрып былай дейді:

«Егер олардан «Сендерді кім жаратты?» деп сұрасаң, «Алла жаратты» дейді. Онда қалай сендер Оны жалғыз құдай ретінде мойындаудан қашасыңдар?» (Зұхруф сүресі, 87)

Аятта ашық айтылғандай, арабтардың санасында бәріне күші жететін бір құдіретті жаратушы бар еді. Алайда пайғамбарлықтың жол көрсетуінен, иләһи үндеуімен тіршілікті қамтыған ақиқат діннен, адам жүрегін байыз таптыратын жайттан тым алыстап кеткендіктері соншалықты, дұғаларын Аллаға жеткізетін, арадағы қарым-қатынасқа себепкер түрлі дәнекершілердің болуы керектігіне сенетін. Өйткені күнделікті өмірде жоғарғы жақтағы бірқатар мәселелерін реттеу үшін түрлі құралдар мен ара ағайындарды қажетсінетін. Араға біреулерді салмастан іс жүрмейтін. Құран олардың осы күйін де сипаттауда:

«Алладан басқа бірқатар жанашыр тауып «Біз оларға бізді Аллаға жақындатсын деп құлшылық жасаймыз» дегендерге келсек, әлбетте Алла олар жайлы таласқан мәселелеріне үкімін береді» («Зұхруф» сүресі, 3).

Қорыта келгенде мынаны айтуға болады: жалпылама көз жүгірткенде байқалатыны: ақиқат діннен алыс болғандықтан, Исламның келуіне бірнеше ғасыр қалғанда әлем жағдайы өте ауыр күй кешті. Ол уақытта жер бетіндегі ешбір ұлт өзінің таза қалпын сақтап қала алмады. Адами жоғарғы құндылықтарға негізделген қоғам жоқ еді. Даналық пен ілімге сүйенетін, ғылымға арқа сүйейтін басқару формасын да көрсету қиын болатын. Жер бетінде пайғамбардан үйренген күйі бұзылмай, түпнегізін сақтап қалған ешқандай дін де қалмаған-ды. Адамзат бағдарынан ауытқып, өз жолынан адасты. Көк жүзін қара бұлттар торлап, адамға үрей салатын алапат дауылдар тыншымай, жазықсыз жандардың көз жасы құрғамай, азғындық жайлап кеткен болатын.

материал «Құранның алғашқы бұйрығы» кітабынан алынды,

ummet.kz

 

 

Бөлісу: