16
Сейсенбі,
Сәуір

һижри

Құранның сүннетке мұқтаждығы

Құранның сүннетке мұқтаждығы

Ислам тарихы

Риуаят етілгеніне қарағанда, Мәкһул (ө. 110/728) «Құранның сүннетке мұқтаждығы, сүннеттің Құранға мұқтаждығынан артығырақ» деген. Басқа бір риуаятқа қарағанда Яхя ибн Әби Кәсир (ө. 132/749) Құран сүннетке үкім ете алмаса да сүннеттің Құранға үкім ететіндігін айтқан.

Бәйхақи бұл сөздің мағынасын былай түсіндіріп береді: «Сүннет Алланың Құрандағы мақсатын түсіндіру қызметін атқарады. Негізінде сүннет, Құранға қайшы келетін нәрсе айтпайды. Бұл тұрғыда Алла Тағала «Сағанда адамдар үшін түсірілгенді ашық баян етерсің деп, Құранды түсірдік» деген. Қысқаша айтқанда Құранның сүннетке мұқтаж болуы деген сөз, сүннеттің Құранды түсіндіруі әрі мүжмәл (мағынасы айқын емес) аяттардың мағынасын ашып беру дегенге келеді. Өйткені, қысқа әрі нұсқа түсіндірілгеніне байланысты Құранда бірнеше құпия білім қазыналары бар. Осы құпия сырларды түсіндіретін нәрсеге қажеттілік бар. Ал мұның жолы Құран түсірілген хазірет Пайғамбар арқылы мүмкін болмақ. Құран сүннетті түсіндіруші әрі оған үкім етуші емес, сүннеттің Құранға үкім етуші болуының мағынасы осыған саяды. Сүннеттің ашық айқын түсіндіруі жағынан Құранның дәрежесінде болмағандықтан ол өз алдына бір түсініктеме. Ендеше сүннет, Құраннан әлдеқайда түсінікті болуы керек.

Хишам ибн Яхя әл-Маһзуми мына бір жайтты айтып береді: Сақиф қауымынан бір адам, хазірет Омарға келіп, тауаф еткеннен кейін етеккірі келген әйелдің қоштасу тауафын орындамай еліне қайтып-қайтпайтындығы жайын сұрайды. Хазірет Омар қайтуына болмайды дегенде әлгі адам, «Расулулла мұндай адамға сенің айтқаныңның керісіншесіне пәтуа берген» деді. Хазірет Омар дереу орнынан атып тұрып, әлгіні қамшымен сабады. Сосын «Расулулланың пәтуа берген бір мәселесінде, не үшін менен қайтадан пәтуа сұрап тұрсың?» - деп кінәлады.

Ибн Һүзәймә (ө. 311/923) Расулулладан (с.а.у.) келген сахих хабарларға ешкімнің қарсы сөз айтуға ақасы жоқ екенін айтқан. Ал Яхя ибн Адам да «Елшінің сөзі тұрғанда басқа адамның сөзінің қажеті жоқ. «Елшінің сүннеті», «хазірет Әбу Бәкірдің сүннеті», «хазірет Омардың сүннеті» деген сөздер, Расулулла дүниеден өткеннен кейінгі қолданыста жүрген сүннеттерді білдіру үшін қолданған» деген.

Мүжаһид те (ө. 10/719) былай деген: «Елшіден (с.а.у.) басқа адамдардан алынатын әрі алынбайтын сөздер бар; бірақ оның әрбір сөзі алынады». Ибнул-Мүбарак (ө.181/797) Әбу Ханифаның «Расулулладан келген нәрселерге төбемде орын бар. Сахабалардан келгендердің ұнатқанымызды аламыз. Табиғундардан келгендер болса, бізді қызықтырмайды; бізде олар сияқты көзқарасымызды айтамыз» деп айтқанын риуаят еткен.

Имам Мүслимнің Әбу Мәсғуд әл-Ансариден риуаят еткеніне қарағанда, Расулулла (с.а.у.) былай деген: «Араларыңнан Құранды ең жақсы оқитын адам жамағатқа имам болсын. Егер барлығы мұнда тең болса сүннетімді ең жақсы білетін адам имам болсын. Мұнда да тең болатын болса, бірініші һижрет еткен адам имам болсын».

Әбул-Баһтери, ибн Мәсғуд жайында білгісі келген адамға хазірет Алидің, «Ол Құран мен сүннетті үйренуді жеткілікті деп санады әрі бұл оған білім ретінде жетті» деп айтқанын жеткізген. Ибн Аббас Расулулланың (с.а.у.) былай дегендігін айтқан: «Бір үкім Алланың кітабында болса, онымен амал етесіңдер; мұны тәрк ету үшін ешқандай сылтау айтуға болмайды. Егер Алланың кітабында болмаса, менің сүннетіме бас ұрыңдар. Сүннетімде болмаса, сахабамның сөзіне құлақ салыңдар. Өйткені менің сахабаларым жұлдыздар сияқты; қайсысының артынан ерсеңдер десендерді тура жолға апарады. Асхабымның бір мәселеде келіспеушілікке түсуі, сендер үшін мейірім – дүр».

материал «Сүннеттің діндегі орны» кітабынан алынды,

ummet.kz


Бөлісу: