02
Бейсенбі,
Мамыр

һижри

Алла Тағаланың ашуы – күнә ішінде жасырулы

Алла Тағаланың ашуы – күнә ішінде жасырулы

Ислам тарихы

Мұхаммед Бақир – исламның заңғар ғалымы. Бұхари мен Муслим еңбектерінде оның әкесінен риуаят еткен бірқатар хадистері бар.

Өз кезегінде, Мұхаммед бин Әли Бақирден Әбу Ханифа, Ибн Жариж Аузағи, Зуһри және басқа ғалымдар риуаят алған.

Мұхаммед Бақир баласына құлшылықтың қыр-сырын екі ауыз сөзбен былай түсіндірген екен. Ғұлама өз перзентіне: «Балам! Алла Тағала үш нәрсені үш нәрсенің ішіне жасырған. Алла Өз разылығын құлшылық атаулының ішіне жасырған. Ешбір құлшылыққа немқұрайлы қарама. Мүмкін разылығы сол құлшылық ішінде болар. Алла Өз ашуын күнә атаулының ішіне жасырған. Ешбір күнәға немқұрайлы есептеме. Мүмкін, ашуы сол күнә ішінде болар. Алла Өз достарын пенделер арасына жасырған. Адамдардың ешбіріне менсінбей қараушы болма. Мүмкін сол пенде Алланың досы шығар», - деп өсиет еткен екен.

Расында да, бұл ғажайып екі ауыз сөзде терең мағына жатыр. Адамды ерекше жауапкершілік пен ұқыптылыққа тәрбиелейтін өнеге бар. Пендешілікке салынып құлышыққа да күнә атаулына да ат үсті қараудан сақтайды. Сонымен бірге, адам баласына алаламай барлығын теңдей құрметтеуге және қадірлеуге үйретеді.

Бұл әкелік кеңес өмірде оқығаны мен көңілге тоқығаны көп дарқан ғұлама, мол парасатты тұлғаның тілінен шығуда.  

материал «Әке тәрбиесі» кітабынан алынды,

ummet.kz

Бөлісу: