24
Сәрсенбі,
Сәуір

һижри

Зәм-зәм ішіп, тілегі қабыл болған оқиғалар бар ма?

Зәм-зәм ішіп, тілегі қабыл болған оқиғалар бар ма?

Ислам тарихы

Хадис ғалымы Ибн Хузаймадан:

«Мұнша ілімді қалай үйрендің?», - деген сауалға ғұлама: «Алла елшісі (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын): «Зәм-зәм суын қандай ниетпен ішсең соған жарайды. Мен зәм-зәмді ішкен кезде Алла Тағаладан пайдалы ілім сұрадым», - деген екен.

Якия бин Ахмад Құртуби өмірдерегінде зәм-зәм суды Құран Кәрімді жаттау тілегімен ішеді. Нәтижеде, Құранды қысқа мерзімде жаттап шығады.

Ибн Жазири өмірдерегінде мынадай мәлімет бар. Әкесі саудагер қырық жыл перзент сүймейді. Қажылыққа барғанда зәм-зәм ішіп тұрып, Алла Тағаладан ғалым болатын бір перзент сұрайды. Осылайша, саудагер перзентті болады. Ал баласы Мұхаммед 13 жасында Құранды толық жаттап, өз заманында «шайх курра», Құран ілімі ғалымдарының шайхы атанған.

материал «Пайғамбарымызды (с.ғ.с) танисыз ба?» кітабынан алынды,

ummet.kz


Бөлісу: