19
Жұма,
Сәуір

һижри

Мұғжиза мен кереметтің айырмашылығы не?

Мұғжиза мен кереметтің айырмашылығы не?

Ислам тарихы

Ақида кітаптарында мұғжиза мен кереметтің басты үш айырмашылығы баян етіледі:

Мұғжиза мұсылман мен кәпір, тақуа мен күнәхар да көзбен көретін құбылыс. Ал әулиенің кереметін көбіне-көп өзіңдей әулие ғана көреді.

Мұғжизаны пайғамбар әрбір қажетті жағдайда Алладан сұрап жүзеге асыра алады. Ал керемет тек арнайы бір уақытта көрінеді. Әулиеге кереметті көрсетуінің сыры, оның құлшылыққа құлшынысын арттыру.

Алладан берілген мұғжизаны пайғамбар біледі. Әрі мойындай отырып, халыққа көрсетуі міндет. Ал кереметті әулиелер көбіне-көп бұл маған тиесілі емес, басқа бір Алланың досына тән деп біледі.

материал «Пайғамбарымызды (с.ғ.с) танисыз ба?» кітабынан алынды,

ummet.kz


Бөлісу: