Ертеректегі ғалымдар: «Кұран оқитын кезде әкімге кірерде киінетіндей киініп отыр» дейтін.
Құран Кәрімді оқып, жаттау – ғибадат саналады. Ал, ғибадат жасайтын адам үстіндегі киімін ретке келтіруі тиіс. Оның үстіне, Құран оқыған адамның жанына періштелер келеді делінген. Сондықтан да, әйел кісі Құран тыңдауға келген періштелерді қашырмау үшін және Құранға деген құрметі ретінде дәл намаздағыдай тұмшаланбаса да, басына орамал орап, ғаурат жерлерін жабатындай киім киіп отырғаны абзал.
материал «Заман тудырған сұрақтар, І том» кітабынан алынды,
ummet.kz