19
Жексенбі,
Мамыр

һижри

Нәпсіні тәрбиелеу әдептері: Муракаба

Нәпсіні тәрбиелеу әдептері: Муракаба

Ислам тарихы

Адамның Алла Тағала оның сыртқы және ішкі дүниесін бақылап тұрғанын әрдайым есте ұстап әрі солай екендігіне нақты сенімді болуы мурақаба деп аталады.

Мухасиби атты ғалымнан мурақабаның не екендігі жайында сұрағанда: «Жүректің Алла Тағаланың өте жақын екендігін білуі», – деп анықтама берген. Жәбірейіл (Алланың сәлемі болсын) періште Пайғамбарымыздан (с.ғ.с): «Маған енді ихсан жайында хабар бер», – деп сұрағанында Алла елшісі (с.ғ.с): «Ол сенің Аллаға Оны көріп тұрғандай құлшылық қылуың, егер оны көріп тұрғандай бола алмасаң, Ол сені көріп тұр (деп құлшылық қылуың)», – дейді. Кей ғалымдар бұл хадистегі ихсан сөзі мурақаба мағынасында қолданылып тұрғанын айтқан.

материал «Ислам әдептерінің энциклопедиясы» кітабынан алынды,

ummet.kz


Бөлісу: