Дұғаның қабыл болуына кедергі келтіретін нәрселер төмендегідей:
Бірінші кедергі: харамға бой алдыру, хараммен жеу, ішу, кию.
Екінші кедергі: дұғаның тез қабыл болуына деген шыдамсыздық танытып, ақырында дұғаны тастап қою.
Үшінші кедергі: асылық және тыйым салынған істерге бой ұру. Дұғаның қабыл болуына тыйым салынған шектерді бұзып, күнәларға бару кедергі болуы мүмкін.
Төртінші кедергі: Алла Тағаланың міндеттеген парыздарын орындамау. Құлшылық істерін орындаудың дұғаның қабыл болуының бір себебі десек, керісінше, мұсылманға міндеттелінген парыздарды орындамау да дұғаның қабыл болуына кедергі болып есептеледі.
Бесінші кедергі: Күнә-қателікте болу не туыстық байланыстарын үзу.
Алтыншы кедергі: Дұғаның қабыл болуы Алланың хикметімен кешігуі ықтимал. Бұл туралы бір хадисте айтылған.
Әбу Сағид әл-Худри (Алла оған разы болсын): «Пайғамбар (с.а.с.): «Қандай да бір мұсылман Аллаға дұға жасап, ол дұғасында күнә және туыстық байланысты үзу болмаса, Алла оған үш нәрсенің біреуін береді: не оның тілегі тез орындалады не Ақыретіне сақталады немесе одан сондай бір жамандықты қайтарады», – деген. Сонда сахабалар: «Олай болса, дұғаны көбейтейік», – десті. Пайғамбар (с.а.с.): «Алланың (беретіні) одан да көп», – деді», – деген.
материал «Дұға – құлшылық өзегі» кітабынан алынды,
ummet.kz