29
Дүйсенбі,
Сәуір

һижри

Азанды әуезді дауыспен шақырудың маңызы

Азанды әуезді дауыспен шақырудың маңызы

Ислам тарихы

Ертеде бір ауылдың мешітінде даусы әдемі азаншы болыпты. Азаншының әдемі даусы естігенді елен еткізіп, есер калдырмай қоймайтын.

Бірде ол кұптан намазына азан шақырды. Мұны көшеде кетіп бара жаткан езге дін өкілі естіп өне бойы шымырлап, азаннан баскаша әсер алады. Келесі күні осы мешітте тан намазына баска бір кісі азан айтты. Бірақ, бұл азаншының даусы кешегі кәсіби азаншы секілді тартымды емес еді. Сосын күн шыққан соң әлгі басқа дін өкілі өз кызметшісіне бір қалта алтын беріп, оны әдемі азан айта алмаған азаншыға беруін бұйырады. Қызметші бұйрықты бұлжытпай орындайды. Сосын қайта келген соң қожайыннан: Сіз неге алтынды кеше кешкісін азанды әдемі айтканға бермей, бүгін нашар айткан адамға бердіңіз? - деп сұрады.

Сонда қожайын: - Кешегі азаншының даусы мен мақамының әсері соншалық, мен мұсылман болып кетуге аз қалдым. Ал, бүгін таңертең айтқан кісінің азанын естіп мен өз дінімде қалдым. Сондыктан мен оған алғысымды білдірдім, - деген екен.

Шынында азаншы араб әріптерінің махраждарын жақсы меңгеріп, созу ережелерін білумен қатар онын даусы да әдемі әрі әуезді болғаны жөн-ақ. Өйткені, азанның мұсылман баласын намазға шақыруы арқылы басқа дін өкілдерінің Ислам дінін қабылдауына әсер етпесіне кім кепіл?!

материал «Азан жайлы не білеміз?» кітабынан алынды,

ummet.kz

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Бөлісу: