27
Сенбі,
Сәуір

һижри

Бізге Құран ғана жеткілікті деп айту – надандық

Бізге Құран ғана жеткілікті деп айту – надандық

Ислам тарихы

Бәйхақи осы мәселелерге байланысты мына төмендегі хадистерді келтіреді:

Убайдуллаһ ибн Әби Рафи, әкесінің Расулуладан (с.а.у.) алған мына хадисті риуаят етеді: «Сендерден қандайда біреуің, орындығына (креслосына) шалқайып отырып алып, оған менің бір әмірім немесе тыйымым білдірілгенде «Анау-мынауды білмеймін; біз тек қана Алланың кітабындағы үкімдерге құлақ саламыз» деп айтуын естімейтін болайын»!

Миқдам ибн Мағдикәриб (ө. 68/687), Хайбар соғысы кезінде араларында есектің етін жеп жатқандарға кейбір нәрселерді хазірет Пайғамбардың тыйым салып былай дегенін риуаят етеді:

«Алдағы уақытта мынандай адамдар ортаға шығады; олардың араларыннан диванына емін-еркін отырып алған біреуіне менің бір хадисім жайлы айтылғанда, «Арамызда Алланың кітабы бар. Ол жерде адал деп айтылғандар біз үшін адал, арам деп айтылғандар арам» деп айтады. Алайда мына жайтты ұмытпаңдар; Расулулланың арам деп айтқаны, Алланың арам еткені сияқты».

Бәйхақи осы хадисте, алдағы уақыттарда бидғатшылардың хадистерді қалайша тәрк етілетіндігін, алайда кейіннен мұның шындыққа айналатындығын білдірген.

Шәбиб ибн Әби Фадала мына бір оқиғаны айтып береді:

Имран ибн Хұсайын, бір мәжілісте шапағат жайлы баяндап өтті. Сол жерде отырған тыңдармандардың бірі, Имранға «Ей, Әбу Нүжәйд! Бізге біраз хадис айттың; алайда біз, Құранда сенің айтқандарыңның ешбірін кездестіре алмаймыз» деп қарсылық білдіргенде, шамданған Имранмен араларында мынадай әңгіме өрбіді:

– Сен өзі Құран оқыдың ба?

– Иә.

– Жарайды, сен Құранда құптан намазының төрт, шам намазының үш, таң намазының екі, бесін мен екінді намаздарының төрт рәкағат екендігін көрдің бе?

– Жоқ.

– Олай болса сен бұларды кімнен үйрендің? Біздің Расулулладан (с.а.у.) үйренген мәселелерімізді, сендер бізден үйренбедіңдер ме? Тағы бір айта кетерлік мәселе, сендер Құранда «Әр 40 қойдың біреуін, түйеден қаншасы зекет ретінде беріледі. Мұнша ақшаның зекеті мынандай болады» деп жазылып қойғанын көрдің бе?

– Жоқ, көрмедім.

– Жарайды, біздің Расулулладан (с.а.у.) үйренген осы мәселелерді сендер де бізден үйренбедіңдер ме? Құранда «Бәйтул-атыки/Қағбаны тауаф етіңдер» деп бұйрық беріледі. Бірақ «Қағбаны жеті рет тауаф етіп Мақамы Махмудтың арасында екі рәкағат намаз оқыңдар» деген әмірді көрдің бе? Әлде зекет жинайтын қызметкер, зекеті берілетін малдарды алдына алып келмейтіні сияқты малдың иесінің де малдарын зекет жинайтын қызметкерден алып қаша алмайтыны; сонымен қатар Исламда айырбас арқылы мәһір бермей үйленуге болмайтынын Құранда жазылғанын көрдің бе? Алланың Құранда «Сендерге пайғамбар не берсе алыңдар да не нәрседен тыйса, одан тыйылыңдар», деп бұйырғанын естімедің бе?

Оған келіспейтінін айтқан адамға осылай тойтарыс берген Имран, «Әне көрдің бе, біздің Расулулладан үйренген кейбір нәрселерден сендердің хабарларың жоқ» деп сөзін тамамдады.

«Хадисті Құранға салып көру» мәселесіне байланыстыриуаят етілген хабардың сахих еместігін, өйткені бұған байланысты ешқандай белгінің Құранда кездеспейтіндігін айтқан Бәйхақи, «Дәлаилун-нубууә» атты еңбегінің алғы сөзі болып есептелетін «әл-Мәдхалус-сағир»-інде, сүннеттің маңыздылығына байланысты сөздерін осылай түйіндеген. Ал танымал еңбегі «әс-Сүнән»-нің алғы сөзі боп есептелетін «әл-Мәдхалул-кәбир»-інде, осы мәселеге «Расулулланың (с.а.у.) сүннетін үйрету және Оған еру» деген тақырыпта дәлелді әрі өте ауқымды етіп түсіндірме беріп өткен.

материал «Сүннеттің діндегі орны» кітабынан алынды,

ummet.kz

Бөлісу: