06
Дүйсенбі,
Мамыр

һижри

Жұма күні «Кәһф» сүресін оқудың артықшылығы

Жұма күні «Кәһф» сүресін оқудың артықшылығы

Ислам тарихы

Алла Елшісі (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын):

«Кімде-кім жұма күні «Кәһф» сүресін оқыса аяғының астынан көктің ернеуіне дейін нұр шашылып, қиямен күні оны жарықтандырады, Алла оның екі жұма арасындағы күнәларын кешіреді» деген  (Әт-тарғиб уат-тарһиб). Сондай-ақ, Пайғамбарымыз (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын): «Кімде-кім «Кәһф» сүресінің әуелгі он аятын жаттаса, Дажжалдан (ақыретке жақын келетін бүлікшіл, суайт адам) сақталады» деген (Муслим).

«Кәһф» сүресін жұманың түнінде де, күндізгі уақытында да оқуға болатындығына қатысты мынадай риуаяттар келтірілген.

Сахаба Әбу Саъид әл-Худриден риуаят етілген хадисте былай делінген:

«Кімде-кім жұманың түнінде Кәһф сүресін оқитын болса, ол оны мен кағбаның арасында бір нұрмен арайландырып тұрады»[1].

Басқа бір хадисте былай делінеді: «Кімде-кім Кәһф сүресін жұма күні оқыса, ол оны келесі жұмаға дейін нұрмен арайландырып тұрады»[2].

 

[1] Дәрими. №3407 хадис. (Бұл хадиске "сахих" деп баға бергендер де бар, "әлсіз" дейтіндер де бар). 
[2] Әл-Хаким әс-Сәмарқанди: әл-Мүстәдрак.; Әл-Байһақи. (Кәһф сүресін оқуға қатысты келген хадистердің ішінде осы ең қуаттірегі делінеді). 

материал «Заман тудырған сұрақтар» кітабынан алынды,

ummet.kz 


Бөлісу: