19
Жексенбі,
Мамыр

һижри

Отбасылық жағдай ілім алуға кедергі ме?

Отбасылық жағдай ілім алуға кедергі ме?

Ислам тарихы

Ілім жолын мақсат еткен, алайда белгілі бір үзірлі жағдаймен, отбасылық мәселелерге байланысты ілім ала алмайжүрген немесе оқу орнынан уақытша шығуға мәжбүр болған бауырлар, Алла Тағала баршамызға жеңілдік берсін!

«Мағрифату әл-Қурра әл-Кибар» кітабынан имам әз-Заxабидің бірнеше жыл әкесінің көңіліне қарап, ілім жолына аттана алмай, кейіннен ілім алып, үлкен муxаддис атанып, Ислам тариxы кітаптарын бір жаңартқаны белгілі.

Ханбали мәзһабының үлкен ғалымы Әбул Фараж Абдурраxман әл-Бағдадидің ілімге деген маxаббаты өте қатты болды. Бірақ әкесі отбасы жағдайына байланысты ілім алуына бірнеше жыл қарсы болды. Кейіннен олардың разылығын алып, үлкен ғалым атанды.

Шейx әл-Басри Нәссаж Басрадағы ең үлкен xадистанушылардың бірі болған. Ілім алмастан бұрын бірнеше жылдай анасының жанында болып, ілім алуға шамасы келмейжүрген. Кейіннен ілім жолына аттанып, ұлы муxаддистердің бірі болды.

Негізінде, қай уақытта, қай жерде ілім алу қайырлы екенін Алла Тағала жақсы біледі. Отбасылық жағдайдың қайқайсысына болмасын сабыр етсек, ата-анамыздың батасын алып, ілім іздеуге аттансақ, біз үшін қайырлы болатынын естен шығармаған жөн.

материал «Не үшін оқу?» кітабынан алынды,

ummet.kz


Бөлісу: