Бізді осы әлемде де, мәңгілік өмірде де бақыттан айыратын жамандықтардың бірі – сараңдық. Сараңдық – бұл мұсылман өз мүлкінен беруі керек адамдар мен орындарға дүниесінен бермей, мүлкін сақтап қалуы.
Яғни, адамға берілген байлықты жұмсау керек жерде жұмсамау – сараңдық. Оны жұмсамау керек жерде жұмсау – бұл ысырапшылдық. Екеуі де шариғатқа қайшы амалдар болып саналады. Исламда сараңдық пен ысырапшылдыққа орын жоқ. Бұл екі жолдың ортасы – жомарттық. Жаратушы Иеміз қасиетті Құранда:
وَالَّذِينَ اِذَا اَنْفَقُوا لَمْ يُسْرِفُوا وَلَمْ يَقْتُرُوا وَكَانَ بَيْنَ ذَلِكَ قَوَامًا
«Олар малдарын жұмсаған кезде, ысырапшылдыққа бармайды және сараң болмайды, олардың арасындағы жолды ұстанады. («Фұрқан»,67)
Сараңдық – Алла Тағала ұнатпайтын істердің бірі. Ислам дінің қастерлейтін адамға сараңдық пен ысырапшылдыққа баруына тыйым салынады. Сараңдық пен ысырапшылдықтан арылған адамдар бақыт пен тыныштыққа ие болады. Алла Тағалаға және ақырет күніне сенген мұсылман кедейлерге көмектесу арқылы жүрегін тазалайды.
Сараңдық – бұл жеке адамдарға да, бүкіл қоғамға да әсер ететін дерт. Осыған байланысты Пайғамбарымыз (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) өзінің хадистерінің бірінде сараңдық туралы:
, وَاتَّقُوا الشُّحَّ فَإن الشُّحَّ أَهْلَكَ مَنْ كان قَبْلَكُمْ, حَمَلَهُمْ عَلى أن سَفَكُوا دِمَاءَهُمْ , وَاسْتَحَلُّوا مَحَارِمَهُمْ
«Сараңдықтан қорқыңыз, өйткені сараңдық сізден бұрын өмір сүрген халықтарды құртып, олардың бір-бірінің қанын құқықсыз төгіп, тыйым салынған нәрселерді адал деп санауға үгіттеді.» (Муслим, биир-56)
Алла Тағаланың алдындағы адамдардың ішіндегі ең сараңы кім?
1. Ең сараң адам – Пайғамбарымызға (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) салауат айтуда сараңдық танытқан адам.
Әли (р.а) жеткізген хадисте Алланың елшісі (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) былай деді:
« الْبخِيلُ من ذُكِرْتُ عِنْدَهُ ، فَلَم يُصَلِّ علَيَّ »
«Сараң – менің атым оның қасында еске алынғанда, маған салауатпен сәлем бермейтін адам». (Тирмизи,дағуат-101)
2. Адамдардың ішіндегі ең сараңы – сәлемдесуде сараңдық көрсеткен адам.
Әбу Хурайраның р.а жеткізген хадисте: «Адамдардың ішіндегі ең сараңы – сәлемдесуде сараңдық танытқан адам, ал ең әлсізі – дұға етуде әлсіздік көрсеткен адам». (Әбу я'ила)
Әнестан (р.а) жеткен риуаятта: «Адамдар амандаспау арқылы сараңдықтың шыңына жетеді» деген (Әбу Нуайм).
3. Сараңдар – Алла Тағалаға деген уәдесін бұзатындар.
وَمِنْهُمْ مَنْ عَاهَدَ اللهَ لَئِنْ اَتَينَا مِنْ فَضْلِهِ لَنَصَّدَّقَنَّ وَلَنَكُونَنَّ مِنَ الصَّالِحِينَ
Олардың арасында Аллаға уәде еткендер де бар: «Егер ол бізге өзінің кеңшілігімен мал берсе, онда біз міндетті түрде садақа беріп,игілерден болар едік» деп Аллаға серт берді.
فَلَمَّا اَتَيهُمْ مِنْ فَضْلِهِ بَخِلُوا بِهِ وَتَوَلَّوْا وَهُمْ مُعْرِضُونَ
Сонда Алла оларға өз ілтипатымен дүние берген кезде, олар сараңдық қылды, сөздерінен айныды.
فَاَعْقَبَهُمْ نِفَاقًا فِى قُلُوبِهِمْ اِلَى يَوْمِ يَلْقَوْنَهُ بِمَا اَخْلَفُوا اللهَ مَا وَعَدُوهُ وَبِمَا كَانُوا يَكْذِبُونَ
«Олар Алламен келісімді бұзып, өтірік айтқаны үшін, Алла олармен жолыққан күнге дейін олардың жүректерінде екіжүзділік салып қояды.» («Тәубе», 74,75,76)
Бір хадисте ардақты Пайғамбарымыз (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) сараңдықтан қалай құтылуға болатынын былай түсіндіреді:
بَرِئَ مِنَ الشُّحِّ مَنْ اَدَّى الزَّكَاةَ وَقَرَى الضَّيْفَ وَاَعْطَى في النَّائِبَةِ
«Уақытылы зекетін берген, қонақтарына жомарттық танытқан және қиындық кезінде басқаларға көмектесу арқылы сараңдықтан құтылады» (Бухари,Мазалим-8).
Нуриддин Абдусамадұлы,
«Әбу Насыр әл-Фараби» мешітінің ұстазы