19
Жексенбі,
Мамыр

һижри

Нәпсінің кемшілігі: Ішкі жан дүниесін түзетуден қапы қалуы

Нәпсінің кемшілігі: Ішкі жан дүниесін түзетуден қапы қалуы

Ислам тарихы

Нәпсінің кемшіліктерінің бірі – адамдардың көзі түседі деген оймен сыртқы көрінісін түзетумен айналысып, ұлық Алла Тағаланың назары түсетін ішкі жан дүниесін түзетуден қапы қалуы.

Негізі, кісінің сыртқы көрінісінен гөрі ішкі жан дүниесін түзетуге көңіл бөлгендігі дұрыс.

Бұл кемшіліктен арылудың жолы: Әуелі пендеде адамдардың Алла Тағала олардың жүректеріне салған сүйіспеншілік мөлшеріндей ғана сый-құрмет көрсететіндігіне титтей күмән болмауы қажет. Сондай-ақ пенде ішкі жан дүниесінің Алланың назары түсетін жер екендігін ұғынуы керек. Олай болса, адамдардың назары түсетін сыртқы көріністен гөрі ішкі жан дүниені түзетуге назар аударған дұрыс.

Алла Тағала Құран Кәрімде былай деген: «Шүбәсіз, Алла – сендерді әрдайым көріп, бақылап тұрушы» («Ниса» сүресі, 1-аят).

Пайғамбар (с.ғ.с): «Шын мәнінде, Алла сендердің келбеттеріңе және істеріңе қарамайды. Алайда сендердің жүректеріңе қарайды», – деген (Муслим).

материал «Нәпсі дертінің дауасы» кітабынан алынды,

ummet.kz


Бөлісу: